STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 055 (Innocent in jail 3)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

55. Кінәсіз түрмеде 3


Күзетші Жүсіпті түрме бөлмесіне апарды. Түрме бөлмесінің есігін қатты тарс жауып, есікті құлыптап, кетіп қалды. Кінәсіз Жүсіп темір тордың ар жағында отырды! Ол адал әрекет еткені үшін түрмеге қамалды. Мұндай әділетсіздікті қалай түсінуге болады?

Жүсіп барлық уақытта ойланумен жүрді.

(Жүсіп ойланып тұрғанда, фонда әуен ойнайды)

Оның көз алдына ағаларының жүздері қайта-қайта келді. Олардың оны Мысырға құлдыққа сатып жібергеніне бірнеше жыл өтті. Олар оны жек көрді, өйткені Құдай оны ұлы билеуші етуге уәде берді. Пирамидалар мен перғауындар елінде оны перғауынның қызметшілерінің бірі, Потифар сатып алған болатын. Жүсіп барлық жұмысты жақсы атқарды, Потифар болса оған риза болды. Онда Жүсіп сияқты жақсы құл ешқашан болмаған еді. Жүсіп барлық істерінде табысты болды. Ол әрқашан жұмысты жақсы істейтін. Балалар, Жүсіптің сыры неде екенін білесіңдер ме? Құдай онымен бірге болды және оған көмектесті.

Потифар оған үйін және барлық егістік жерлерін сеніп тапсырды. Жүсіпке барлық уақытта сенім артуға болатын еді. Ол өте сүйкімді жас жігіт болатын. Потифардың әйелі оны ұнатып, оның өзімен күйеуі ретінде болғанын қалады. Бірақ бұл дұрыс па? Құдайдың заңында: Неке адалдығын бұзба! - деп айтылған. Бұл заң ол кезде Жүсіпке қатысты болғандай, бүгінде де бізге қатысты. Жүсіп Құдайға мойынсұнып, бұл әйелдің сөзіне көнбеді.

Бір күні Потифардың әйелі Жүсіпті қайтадан азғыруға кірісті. Ал, балалар, біреу сендерді азғырып, жамандыққа көндіргісі келгенде, не істейсіңдер? Жүсіп сияқты болыңдар: ол күнәдан қашып кетті. Бұл әйел оның шапанының шетінен қатты ұстап алды, сол себептен Жүсіп шапанын шешіп тастап, қашып кетті. Ол қожайынының әйелімен күнә жасамауға нық шешім қабылдады. Потифардың әйелі ренжіп, Жүсіптен кек алғысы келді.

Күйеуі үйіне қайтып келгенде, әйелі оған: «Жүсіп бөлмеме кіріп, мені зорламақшы болды. Мен қатты айқайладым және ол қашуға мәжбүр болды. Ол асығып, шапанын бөлмемде қалдырып кетті», - деді. Шапан оның дәлелі болды.

Потифар әйелінің жалған әңгімесіне сеніп, Жүсіпке қатты ашуланды. Оны тез арада ұстап алып, түрмеге тастауды бұйырды.

Бірақ түрмеде Құдай Жүсіппен бірге болды, сондықтан оқиға мұнымен бітпеді. Құдайдың Жүсіпке арнаған өз жоспары болды, бірақ Жүсіп бұл жоспардың нақты не екенін әлі түсіне алмады.

Келесі шығарылымда біз Жүсіп туралы баяндауды жалғастырамыз.


Рөлдер: Баяндаушы

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:03 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)