Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 056 (God forgets no one 4)
56. Құдай ешкімді ұмытпайды 4
Арада апталар мен айлар өтті... Жүсіп әлі де күтіп жүрді. Күтудің соңы жоқ сияқты болды. Жүсіп былай ойлады:
Жүсіп: «Мен кінәсіз түрмеде отырмын. Неге мені бұл жерден ешкім босатпайды?»
Бірде перғауынға қызмет еткен адамды түрмеге қаматты. Ол шарапшы болды, яғни перғауынға сусындарды беріп жүретін адам. Көп ұзамай ол бостандыққа шықты да, перғауынға ол туралы айтып беремін деп, Жүсіпке уәде берді. Бірақ бостандыққа шыққанда, ол Жүсіпті бірден ұмытып кетті. Екі жыл өтті. Жүсіпке бәрі оны ұмытып кеткендей болып көрінді. Бірақ оны үнемі еске алатын Құдай болды. Ол Жүсіпті ұлы әмірші етуге уәде берген. Енді сол уәдені орындайтын уақыт келді.
Перғауын түс көрді. Ал оған бұл түсінің мәнін ешкім түсіндіре алмады. Перғауын көңілсіз болды. Кенеттен перғауынның шарапшысының есіне бір адам түсті.
Шарапшы: «Мен түс жори алатын бір адамды білемін. Оның есімі Жүсіп. Ол түрмеде отыр, бірақ ол кінәлі емес. Мен ол туралы мүлдем ұмытып кеттім».
Перғауын: «Оны тез арада маған әкеліңдер!»
Перғауынның бұйрығы бірден орындалды.
Жүсіпті Мысыр әміршісінің алдына әкелді, Жүсіп оған тағзым етті.
Перғауын: «Мен сенің түс жори алатыныңды естідім».
Жүсіп: «Тақсыр, түс жори алатын мен емес, бірақ Құдай жори алады».
Перғауын: «Мен түсімде Нілдің жағасында тұр екенмін. Сол кезде судан жеті семіз сиыр шықты, бірақ кенеттен жеті арық сиыр пайда болып, семіз сиырларды жұтып қойды. Содан кейін, басқа түсімде, толып піскен жеті масақ өсіп тұрғанын көрдім, кенеттен арық жеті масақ пайда болып, олар толып піскен жеті масақты жұтып қойды. Маған бұл нені білдіретінін түсіндіре аласың ба?»
Жүсіп: «Құдай жеті жылдың ішінде, Мысырда егін көп болады дейді. Мысырда астық мол болады. Сосын жеті жыл ашаршылық болады. Егін болмайды. Бұлай болатыны сөзсіз. Ашаршылық жылдарында халық зардап шекпеуі үшін молшылық жылдарында астықтарды жинайтын дана адам табылса жақсы болар еді».
Жүсіптің түсіндірмесі перғауынды сендірді.
Перғауын: «Жүсіп, сен сол дана адамсың. Құдай сенімен бірге. Мен сені өзімнің көмекшім етіп тағайындаймын. Бұдан былай Мысырдағылардың бәрі саған бағынуы керек!»
Осылайша Жүсіп елдегі екінші адам болды! Бұған сену қиын болды. Кейде оған оны бәрі ұмытып кеткендей көрінсе де, Құдай оны ұмытпады.
Ағалары оны жек көріп, құлдыққа сатып жіберді, кейін ол еш кінәсі болмаса да түрмеге жабылды.
Менің есептеуім бойынша, Жүсіпке 10 жыл шыдамдылықпен күтуге тура келді. Бұл біз үшін жігер болсын. Құдай ешкімді ұмытпайды. Балалар, Ол сендерді де ұмытпайды. Сендер тек Оған сеніңдер! Келесі шығарылымда Құдайдың Жүсіп арқылы қандай керемет істер жасағанын білетін боласыңдар.
Рөлдер: Баяндаушы, Жүсіп, шарапшы, перғауын
Авторлық құқықтар: CEF Germany