Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 054 (Someone cries, the others smirk 2)
54. Біреуі жылайды, басқалары жымиып күледі 2
Исраилдің солтүстігінде он ағайынды жігіттер қой бағып жүрді (қойлардың маңыраған дауысы).
Олар інісін өте қатты көре алмады.
1-ші ағасы: «Қызық, бүгін біздің түсжорғыш ініміз Жүсіп не істеп жүр екен?»
2-ші ағасы: «Құдай, ол ұлы болады, ал біз оған табынатын боламыз депті! Ха-ха! Мен ешқашан бұдан күлкілі нәрсе естіген емеспін».
1-ші ағасы: «Мен мойындаймын, әкеміздің оған сыйлаған әдемі киімін көріп, менің ішім күйіп кетті».
2-ші ағасы: «Бұл әңгімені доғарайық. Мұндай әңгімелер тек көңіл-күйді бұзады. Оның орнына қой жайылатын жасыл алқаптар туралы әңгімелесейік. Бұл маңыздырақ».
Ал бұл кезде олардың әкелері үйде ұлдарының жағдайларын ойлап отыр еді.
Әкесі: «Жүсіп, мен сенің ағаларың туралы уайымдап отырмын. Олардың жағдайлары қалай, тірі ме екен? Аңдар қойларға шабуыл жасаса ше? Барып, олардың хал-жағдайын көріп кел».
Жүсіп әкесіне бірден мойынсұнды. Ол ата-анасының барлық өтініштерін тез орындайтын. Бауырлары оны алыстан көрді.
1-ші ағасы: «Қараңдар! Біздің түс жорушымыз келе жатыр! Қане, жігіттер, оны өлтіреміз бе?»
2-ші ағасы: «Жоқ! Оны шұңқырға тастағанымыз дұрыс болады».
Үлкен ағасы Рубеннің ар ұжданы оған тыныштық бермей, інісін құтқарғысы келді.
Жүсіп бауырларына жақындап келді, олардың арам ойлап тұрғанын ол білмеді.
Жүсіп: «Амандық пен тыныштық болсын, бауырлар! Жұмыстарың қалай?»
1-ші ағасы: «Онда сенің шаруаң болмасын, Қазір маған өзіңнің киіміңді бересің, сосын мына шұңқырдың ішінен бізге соңғы рет қарайсың».
Жүсіп: «Жоқ! Мені жіберіңдер! Мен сендерге қандай жамандық жасадым?»
(шұңқырға құлаған дыбыс)
Шұңқыр - құрғақ құдық болды. Бақытына орай, түбінде су болмады. Бірақ құдықтың терең болғаны соншалықты, Жүсіп өздігінен шыға алмайтын еді.
Жүсіп: «Көмектесіңдер! Көмекке келіңдер! Мені бұл жерден шығарыңдар! Көмекке келіңдер! Мен бұл жерден шығуым керек. Мені естіп тұрсыңдар ма? Көмектесіңдер!»
Бауырлары ызалана күліп, көлеңкеде тамақтарын жеп отыра берді. Кенеттен алыстан керуен көрінді. Саудагерлер түйеге тауарларын артып оңтүстікке, Мысырға алып бара жатты.
1-ші ағасы: «Маған бір ой келді. Жүсіпті сатайық».
2-ші ағасы: «Жақсы ой, Яһуда. Біз одан құтыламыз, және ақшаны тең бөліп аламыз».
Келісім жасалды. Ағалары Жүсіпті 20 күміс теңгеге құлдыққа сатты. Олар оның әдемі киімін қалдырып, оны әкелеріне апарды. Киімде қанның дақтары көп болды.
1-ші ағасы: «Әке, біз мынаны таптық. Мынау Жүсіптің киімі емес пе?»
Әкесі: «Иә! Оған аңдар шабуыл жасаған болуы керек! Ол өлді! Менің ұлым Жүсіп өлді!»
Олар өтірік айтып, күнәларын жасырды, ал әкелері оларға сенді.
Олардың жүректерінде тек жамандық болды, бірақ Құдай бұл жамандықтың бәрін Жүсіп үшін жақсылыққа айналдырды.
Бұдан әрі не болатынын білгенше менің шыдамым жетпей тұр. Балалар, сендер ше? Бұл туралы келесі шығарылымда білетін боласыңдар.
Рөлдер: Баяндаушы, екі ағасы, Жүсіп, әкесі
Авторлық құқықтар: CEF Germany