STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 074 (Beating the innocent 2)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

74. Ұрылған кінәсіз бала 2


Жаңа мұғалім бұрынғыларға қарағанда мүлдем басқаша болды. Тіпті нағыз мақтаншақ Джим де, оның әдістерімен дауласа алмады. Мұғалім дұға еткеннен кейін, балалар екінші рет күйзеліске ұшырады.

Мұғалім: «Егер біз барлығымыз жақсы араласқымыз келсе, онда жаңа ережелерді орнатуымыз қажет. Ережелерді өздерің орнатқандарыңды қалаймын».

Джим қатты таң қалды. Мұндай жағдай бұрын-соңды болмаған.

Оқушы қыз: «Сыныпта көшіріп жазуға болмайды».

Мұғалім: «Жарайды. Бірақ әрбір ереженің жазасы болуы қажет, тек сонда ғана ережелер жарамды болады».

Джим: «Кім көшіріп жазса, сол таяқпен үш рет ұрылады!»

Иә, балалар. Ол заманда мұғалімдер мектеп оқушыларын таяқпен жазалайтын болған.

Мұғалім осы және басқа ережелерді тақтаға жазды. Бірнеше апта бойы бәрі жақсы болды. Бірақ бір күні таңертең, мұғалім сыныпқа мұңайған кейіппен кірді.

Мұғалім: «Кітаптарыңды ашуға асықпаңдар. Менде бір жаман хабар бар. Біреу мектеп ережелерін бұзып, Джимнің сэндвичін ұрлады. Кінәлі өз ісін мойындауға дайын ба?»

Барлығы қатып қалды. Алдыңғы қатардағы партада отырған Том күбірлей бастады:

Том: «Мен... мен оны алдым. Мен... менің қарным қатты ашты, сол үшін оны алдым. Мені кешіріңіз!»

Том өте кедей отбасынан шыққан еді және көбіне тамаққа ақшасы болмайтын. Ешкім Томның жазаланғанын қаламады. Бірақ мұғалім ережеге сай әрекет етуі керек еді.

Мұғалім: «Сендер ережелерді өздерің орнаттыңдар: кінәлі жазалануы қажет, әйтпесе ережені ешкім орындамайды. Том, тақтаға шық. Ұрлықтың жазасы – он соққы».

Мұғалім таяқты алды.

Джим: «Күте тұрыңыз! Ол менің бутербродымды алды. Ал мен болсам, Томды кешіремін».

Мұғалім: «Джим, сен өте мейірімдісің. Бірақ жазаны алып тастауға болмайды».

Джим: «Олай болса, Томның орнына мені жазалаңыз. Ал оны жазаламаңыз».

Мұғалім: «Жарайды. Бұл мүмкін. Ережеге сәйкес, ұрлық үшін - он соққы. Бірақ ережелерде, кімнің соққыға жығылатыны айтылмаған».

Сол күні кінәсіз жанның қалай жазаланғанын бүкіл сынып көрді, өзін ренжіткеннің орнына өзі жазаланды.

Сол уақыттан бері Джим мен Том дос болып кетті.

Мұғалімнің әңгімесін бәрі мұқият тыңдады. Ол Исаның дүниедегі әрбір адамның жазасын қалай көтергені туралы айтып берді.

Мұғалім: «Исаны айқышқа шегелеген жұма күні, Иса кінәсіз болса да, біздің орнымызда жазаланғанын еске салады. Біз бәріміз Құдайдың ережелерін бұздық. Ал Иса Өз еркімен, Құдайдың жазалауын - айқыштағы өлімді Өзіне қабылдады! Кімде-кім Оған сенсе - бостандық пен мәңгілік өмірге ие болады. Құтқарылу мейрамы Исаның өлімнен қайта тірілгенін және тірі екенін куәлік етеді!»


Рөлдер: Баяндаушы, мұғалім, оқушы қыз, Джим, Том

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:08 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)