Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 075 (Special binoculars)
75. Ерекше дүрбі
Балалар менің сендерге қоятын сұрағым бар, пайғамбар деген кім?
Жұлдыз: «Бұл адамға Құдай Өзінің жоспарларын ашады».
Бекзат: «Ол болашақты болжай алатын адам».
Сондай-ақ пайғамбар - Құдайдан ерекше дүрбі алып, сол арқылы болашаққа көз салып, ешкім көрмеген нәрсені көре алатын адам, деп айта аламыз.
Ежелгі Зәкәрия пайғамбар да болашақты көріп, Құдайдың оған көрсеткендерін кітапта жазып қалдырған. Зәкәрияның кітабында былай деп жазылған:
Қыз: «Уа, Иерусалим халқы, шаттана ән шырқа! Cенің Патшаң саған келе жатыр! Ол - әділ Құтқарушы, кішіпейілділікпен есектің үстінде отыр».
Құдайдың алдын ала айтқаны орындалды. Бес жүз жылдан кейін Зәкәрияның пайғамбарлық сөздері дәл орындалды.
Иса Иерусалимге қарай бара жатты. Жолда Ол шағын ауылға кіріп, екі шәкіртіне бір тапсырма берді.
Иса: «Келесі ауылға барыңдар, сонда есекті көресіңдер. Оның байлауын шешіп, Маған әкеліңдер».
Шәкірт: «Біреудің есегін қалайша аламыз?»
Иса: «Егер біреу сендерден, есектің байлауын не үшін шешіп жатырсыңдар деп сұраса, есек Мырзамызға керек, деп жауап беріңдер».
Шәкірт: «Жарайды. Айтқаныңды істейміз».
(қиыршықтастың үстіндегі қадамдардың дыбысы)
Екі адам ауылға кіріп, есекті тауып алып, оның байлауын шешіп тастады. Бәрі Иса айтқандай болды.
Есектің иесі: «Ей, сендер не істеп жатырсыңдар? Бұл менің есегім».
Шәкірт: «Ол Мырзамызға керек. Оны алып келу үшін бізді Мырзамыз жіберді».
Есектің иесі: «Сендердің Мырзаларың ба? Аа, онда жарайды. Бәрі жақсы. Оны алыңдар».
(қиыршықтастың үстіндегі қадамдардың дыбысы)
Шәкірттері есекті Исаға алып келді, олар есектің үстіне шапандарын жапқаннан кейін, Иса оған мінді. Басқалары киімдерін кілемдей жолға жайып, ағаштардан бұтақшалар кесіп алып, оларды бұлғап, Исаны қуана қарсы алды.
Халық: «Қуан Иерусалим, Патшаң келе жатыр!»
Халық: «Жаратқанның атынан келе жатқан Патша жарылқанған!»
Халық: «Жаратқан Ие мадақталсын! Бізді құтқар! Сен біздің Патшамызсың!»
Олар өздеріне мол нан беріп, римдіктердің қамытынан босататын Патшаны қалады. Бірақ Иса сол үшін келген жоқ еді.
Бір аптадан кейін халықтың Одан көңілдері қалады және олар ашуланып:
Халық: «Біз Оны қаламаймыз. Ол өлуге тиісті! Ол айқышқа шегеленсін!» - деп айқайлады.
Олар Исаның наннан да бағалы нәрсе бергісі келетінін түсінбеді. Ол олардың жүректерінде билік етіп, олардың өмірлерін тура жолға бағыттағысы келді.
Оның сендер мен бізге де осыны қалайтыны үшін мен өте қуаныштымын.
Рөлдер: Баяндаушы, Жұлдыз, Бекзат, қыз, Иса, шәкірт, есектің иесі, халық
Авторлық құқықтар: CEF Germany