STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 109 (Who is the thief)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

109. Ұры кім


Маржан мен Айдос мектептен оралып, түскі ас ішуге кірісті. Екеуі көңілді әңгімелесіп отырды, бірақ олардың анасы, қандай да бір себептермен, өте тұйық болды. Кенеттен ол балаларға былай деді:

Анасы: «Қызық, кеше таңертең менің әмиянымда 25$-дан астам ақша болған. Ал бүгін дүкенге азық-түлік алуға барғанымда, әмияннан ақша бір жерге жоғалып кеткендіктен, мен төлей алмадым. Сендер ақшаны кездейсоқ алған жоқсыңдар ма? Айдос? Маржан?»

Айдос: «Анашым, біз ұры емеспіз ғой».

Маржан: «Әрине біз сіздің ақшаңызды алған жоқпыз».

Анасы: «Қызық. Мен ақшаның қайда кеткенін түсіне алмай тұрмын!»

Кешкі астан кейін Айдос пен Маржан дастарханды жинап, үй тапсырмаларын орындауды бастады. Бірақ Маржанды ар-ұжданы азаптады. Ол өзін жаман сезіне бастады, себебі анасының әмиянынан ақшаны ол алған болатын.

Маржан: «Мен бұл ақшаны не үшін алдым? Бірақ анам маған жаңа сырға алуға ақша бермеді ғой… Мен ұрлық жасаған жоқпын, мен жәй ғана ақшаны одан қарызға алдым. Мен оларды жақын арада қайтарамын».

Бірақ бұл ойлар оның көңіл-күйін жақсарта алмады. Оның ар-ұжданы әлі де оны қинады.

Жақында олар Киелі кітапта, ұрлық жасау - күнә екені туралы сөйлесті. Күнә - қабырға тәрізді. Ол ажыратып тұрады. Маржан мұны анық сезінді. Ол ақшаны алғаннан бері, анасы екеуінің арасында көзге көрінбейтін қабырға пайда болды. Және бұл қабырға Маржанды тек анасынан ғана емес, сонымен қатар Исадан да ажыратты.

Маржан өз әрекетін бұдан былай ақтай алмады. Ал кешкі ас кезіндегі оның айтқан өтірігі, жағдайды одан сайын нашарлатты. Бұл күн ол үшін сәтсіз күн болды. Тіпті матрацтың астына тығылған жаңа сырғалар да оған ешқандай қуаныш әкелмеді. Ол төсекке жатқанда, жылай бастады.

Анасы: «Маржан, не болды?»

Маржан: «Ақшаңызды мен алдым. Ал енді сіз мені жақсы көрмейтін боласыз».

Анасы: «Иә, сен қателестің. Бірақ қазір осыны маған мойындауға батылдық тауып, барлығын айтып бергенің өте жақсы болды. Мен сені кешіремін. Мен саған мектепке беретін ақшадан, 25$-ды маған қайтара аласың. Исадан кешірім сұрағың келе ме?»

Маржан: «Иә. Тәңір Иса, мен бұл ақшаны ұрлағаныма өте өкінемін! Өтінемін, мені кешірші. Мені сүйгенің үшін, Саған рахмет!»

Маржанның арқасынан үлкен әрі ауыр жүк түскендей болды. Ол қайтадан қуаныш тапты. Және ең бастысы, анасы да, Тәңір Иса да оны бұрынғыдай жақсы көрді!


Рөлдер: Баяндаушы, анасы, Маржан, Айдос

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:17 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)