STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 124 (The best counselor 1)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

124. Үздік кеңесші 1


Оңтүстік патшалықта Солтүстік Исраил патшалығының патшасы - Жосапаттың мемлекеттік сапарына дайындық қызу жүріп жатты (әуен ойнап тұр). Барлық жерде жалаулар көтеріліп, дәмді тағамдар ұсынылды. Исраил патшасы Жосапатты қабылдау ерекше оқиға болды. Патша өзінің не үшін шақырылғанын білді ме? Ахаб патша бұл тұралы бірден айта бастады.

Ахаб: «Жосапат патша, жаулар Ғилақадтық Рамотты басып алды. Біз енді оған ие емеспіз және бұл мені қынжылтады. Маған қаланы қайтарып алуға көмектесе аласың ба?»

Жосапат: «Әрине! Менің әскерлеріме сенуге болады. Бірақ алдымен Құдайдан кеңес сұрау керек, солай ма? Мен Оның разы болғанын қалаймын».

Қандай да бір шешім қабылдамас бұрын, Құдайдан кеңес сұраған дұрыс болады. Жосапат патшадан үлгі алуға болады. Оның өмірдегі жетістігінің сыры да осында екеніне мен нық сенімдімін. Барлығы Жосапатты жақсы көрді. Оның миллиондаған жауынгерлері болды және жаулардың ешқайсысының оған шабуыл жасауға батылы жетпеді. Ол көптеген жерден сыйлықтар алды.

Құдай Жосапаттың кеңесшісі болды. Ол әрбір шешімнің алдында Құдайдан кеңес сұрады.

Ахаб патша мүлдем ондай емес еді. Жосапат патшаның сөздері оған ұнамады. Балалар, сендер де Құдайдан кеңес сұрауды ұсынсаңдар, бұл біреуге ұнамауы мүмкін. Ахаб патша сияқты, адамдар ең маңызды даналықты ұнатпайды.

Ахаб: «Мұны міндетті түрде істеу керек пе? Мақұл. Қызметші! Пайғамбарларды шақыр!» (қадам дыбыстары естіледі)

Ахаб: «Айтыңдар, Рамот қаласына шабуыл жасау керек пе, жоқ па?»

Пайғамбар: «Шабуыл жасау керек! Жеңіс біздікі болады!»

Ахаб патша риза болды. Бірақ Жосапат патша Құдайдың даусын білді және бұл дауыс, Құдайдың дауысы емес еді. Ахабқа 400 пайғамбар өтірік айтты. Олар оған оның естігісі келгенін айтты, өйткені олар бұл үшін марапатқа ие болады.

Жосапат: «Басқа пайғамбардан да сұрап көрсек бола ма?»

Ахаб: «Олардан басқа бір ғана пайғамбар бар, бірақ мен оған шыдай алмаймын! Ол әрқашан қиындықтарды болжайды!»

Жосапат: «Оны осында әкел!»

Қызметшілер Миқаяны алып келді. Бұл Құдайдың шынайы елшісі болды. Ол кейде әзілдегенді жақсы көретін.

Ахаб: «Миқая, ал сен не айтасың? Рамот қаласына шабуыл жасау керек пе?»

Миқая: «Әрине. Сен жауды жеңесің».

Ахаб (ашуланып): «Сен шындықты айтуың керек! Құдай саған не айтты?»

Ол шынымен де Құдайдың кеңесін тыңдағысы келді ме? Ол мұны естігісі келген шығар, бірақ оны орындағысы келмеді.

Миқая байсалды болып кетті.

Миқая: «Құдай маған сенің әскерің жақын арада бақташысы жоқ қойлардай болатынын көрсетті. Ахаб патша, сенің әскерің сенсіз қайтып келеді!»

Ахаб (жауыздықпен): «Оның айтқанын бәрі естіді ме? Ол маған өлім үкімін шығарды! Оны тез арада түрмеге жабыңдар!»

Ары қарай не болғанын келесі бөлімде білетін боласыңдар.


Рөлдер: Баяндаушы, Жосапат, Ахаб, Миқая, пайғамбар

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 25, 2023, at 07:07 AM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)