STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 123 (The runaway)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

123. Қашып кеткен


Тікенді бұталар оның аяғын тырнады, ол тастарға сүрініп, тар жолмен жүгірді.

Онисым (алқынып): «Тезірек тығылуым керек. Мен осылай өмір сүруден шаршадым. Күн сайын ауыр жұмыс. Мен жаңа өмір бастаймын. Мен алыс жаққа қашамын. Мен ұсталып қалмауым үшін өте сақ болуым керек».

Сол кездерде, қашқын құлдарды қатаң түрде жазалайтын. Олардың денелеріне қызған темірмен белгі қойған немесе оларды жыртқыш аңдарға лақтырған. Осы ойдың өзі Онисымды жылдам жүгіруге итермеледі.

Оның есімі «пайдалы» дегенді білдірді. Қожайынын тонап қашып кеткен адамға, бұл есім жарасады ма?

Ол басқа елде жаңа өмір сүруді армандады. Ол Римде жасырынғысы келді. Бірақ мұндай үлкен қалада, Онисым өзінің қожайынының досымен кездесемін деп ешқашан ойлаған емес.

Пауыл: «Сөйтіп, сен қашып кеттің».

Онисым: «Менің шынайы өмір сүргім келді, менің құл болғым келмеді».

Пауыл: «Сонымен? Қазір өміріңе ризасың ба?»

Онисым: «Шынымды айтсам, мен бәрі мүлдем басқаша болады деп ойладым. Эх, қашпағанымда ғой... Ақшаны да ұрлап кеттім... Бұрынғы жағдайым мұншалықты жаман болмас еді деп ойлаймын».

Пауыл: «Онисым, сен дұрыс емес жерден жаңа өмір іздедің».

Римде жүргенде, Онисым жаңа өмірді тек Исадан табуға болатынын түсінді. Иса біздің күнәларымызды кешіріп, бізді жаңа адамдар етеді. Балалар, сендер де бір күндері жаңа өмір бастағыларың келген болар? Иса сендерге жаңа өмір бергісі келеді. Күнәларын мойындап, Оған сенім артқан әрбір адамға Ол жаңа өмір сыйлайды.

Онисым Мәсіхте жаңа өмір тапты. Бірақ ол әрі қарай не істеу керек еді?

Пауыл: «Саған қожайының Філимонға қайтып барғаның дұрыс болады».

Онисым: «Мен ол жаққа қалай барамын?»

Пауыл: «Уайымдама. Сен оған менің хатымды бересің. Мен оған хат жазамын. Ол менің досым. Ол Исаны жақсы көреді, сондықтан сені жақсы қарсы алады».

Бәрі дәл солай болды. Онисым Філимонға қайтып келді.

Філимон: «Сонымен сен қайтып келдің. Біз сені барлық жерден іздедік».

Онисым: «Мырза, мен сізге хат алып келдім».

Філимон: «Қымбатты Філимон, мен саған Онисымді жіберіп жатырмын. Ол Исамен бірге жаңа өмір бастады. Егер оның саған қарыздары болса, мен ол үшін төлеп, бәрін реттеймін».

Філимон Онисымді жақсы қабылдады, енді ол Исаның арқасында ескі жерде жаңа өмір тапты.


Рөлдер: Баяндаушы, Онисым, Пауыл, Філимон

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 25, 2023, at 07:04 AM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)