STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 125 (Deadly arrow 2)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

125. Өлтіріп жіберген жебе 2


Шындықты айтуға тек бір ғана адам батыл болды. Біреуі - 400 пайғамбарға қарсы!

Миқая: «Ахаб патша, Құдай бұл соғысты қаламайды. Құдайды тыңдаудан бас тартып, өз өміріңді қатерге тігіп жатырсың».

Ахаб: «Оның айтқанын естідіңдер ме? Ол маған өлім үкімін шығарды! Оны тез арада түрмеге жабыңдар!»

Ахаб патша Құдайды тыңдағысы келмеді. Ол бәрібір де Рамот қаласына шабуыл жасауға шешім қабылдады.

Құдайды тыңдамағандар өз өмірлеріне қауіп төндіреді. Ахабтың тыңшылары жаудың соғыс жоспарларын жасырын түрде естіп алды.

Тыңшы: «Ахаб пен оның әскеріне қарсы соғысқанда, біз жебелер мен найзаларды сарбаздарға емес, патшаға қарай атамыз».

Бірақ Ахаб өте қу адам еді.

Ахаб: «Жосапат патша, менің кім екенімді ешкім түсінбейтін етіп мен киінемін, ал сен патшалық киімдерді киіп ал. Жауларға қарсы бірге аттанамыз».

Жосапат келісті. Шынымды айтсам мен түсіне алар емеспін, неге ол Құдайдың кеңесін тыңдамады? Әдетте ол әрқашан да Құдаймен бірге шешім қабылдайтын еді.

Қатты шайқас болды. Жау бүкіл назарын патшаға аударды. Не болғанын елестете аласыңдар ма? Жаулар Жосапаттың патшалық киімдерді кигенін көріп, оны Ахаб екен деп ойлады. Олар оны үнемі көздеп отырды. Осы кезде Жосапат бар күшімен шайқасып жатты. Сонда ол бір шындықты түсінді: Құдайды тыңдамаған адам өз өміріне қауіп төндіреді. Жосапат өлімге жақын еді. Бірақ Құдай оны қорғап қалды және оның жаулары оған шабуыл жасамады.

Сарбаздардың бірі болжап, садағын суырып алып, Ахаб патшаны ауыр жаралады. Күн батып бара жатқанда ол қайтыс болды. Ол Құдайды ешқашан тыңдағысы келмегені үшін өз өмірін қиды.

Жосапат болса есін жинап, енді ешқашан Құдайсыз шешім қабылдамаймын деп, өзіне уәде берді.

Құдайды тыңдамағандар өз өмірлеріне қауіп төндіреді. Жосапат патша азғыруға көніп, Құдайдың кеңесіне қарсы шықты. Содан кейін ол бұған қатты өкінді.

Егер сендердің достарың Құдайды тыңдауды - ақымақтық деп санаса, олардың ықпалына түспеңдер, керісінше оларға қарсы тұрыңдар. Басқалардың не ойлайтыны маңызды емес, сен Құдайды тыңда! Исаны білетін және Оны жақсы көретіндермен ақылдас.

Құдайды тыңдамағандар өз өмірлеріне қауіп төндіреді. Құдайды тыңдау маған үлкен қуаныш сыйлайды, өйткені мен білемін, Ол маған тек ең жақсысын қалайды.


Рөлдер: Баяндаушы, Ахаб, Миқая, тыңшы

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 25, 2023, at 07:08 AM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)