STORIES for CHILDREN by Sister Farida(www.wol-children.net) |
|
Home عربي |
Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 050 (Attention danger of an avalanche) This page in: -- Albanian -- Arabic? -- Armenian -- Aymara -- Azeri -- Bengali -- Bulgarian -- Cebuano -- Chinese -- English -- Farsi -- French -- Fulfulde -- German -- Greek -- Guarani -- Hebrew -- Hindi -- Indonesian -- Italian -- Japanese -- KAZAKH -- Korean -- Kyrgyz -- Macedonian -- Malayalam? -- Platt (Low German) -- Portuguese -- Punjabi -- Quechua -- Romanian -- Russian -- Serbian -- Slovene -- Spanish-AM -- Spanish-ES -- Swedish -- Swiss German? -- Tamil -- Turkish -- Ukrainian -- Urdu -- Uzbek
ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер
50. Абайлаңдар, қар көшкініБір күні Швейцарияның тауларында бір бала қой бағып жүрді. Ол гүлдер мен көзді қарықтыратын аппақ тау мұздарын ұнататын. Бір турист тау жолымен серуендеп келе жатты. Ол балаға жақындап: Турист: «Сәлем! Сенің атың кім?» - деп сұрады. Генри: «Сәлем. Мен Генримін». Турист: «Сен мұнда жалғызсың ба?» Генри: «Иә, мен қазір демалыстамын, мен әкемнің қойларын бағып жүрмін». Турист: «Демек сен қойшысың. Ал сен Ізгі Бағушыны білесің бе?» Генри: «Жоқ. Ол кім?» Турист: «Тәңір Иса. Киелі кітапта, адамдар өз жолымен жүріп бара жатқан, жоғалған қойлар сияқты екені айтылған. Ізгі Бағушы бізді іздеп жүр. Ол бізді тура жолға салып, қамқорлық көрсетіп, ақырында бізді көкке жеткізгісі келеді». Генри: «Сонда мен өлгенімде, Ол мені сонда апара ма?» Турист: «Иә. Сен Оны өзіңнің Бағушың ретінде қабылдауың керек». Генри: «Мен мұны дәл қазір сұраймын». Генри шын жүректен Құдайға дұға етті. Ол Исаға тиесілі болуды қалады. Жолын жалғастырмас бұрын, турист Генриге: Турист: «Енді сен мәңгіге Ізгі Бағушыға тиесілісің. Сен енді былай деп айта аласың: Құдай менің Бағушым. Қарашы, бұл Киелі кітап аятын саусақпен айтуға болады!» Генри аятты қайталап, бірінші сөзде - бас бармағын, екіншісінде - сұқ саусағын, үшіншісінде - орта саусағын көтерді. Ол сұқ саусағын ерекше көтеріп: Генри: «Құдай менің Бағушым!» - деді. Генри ата-анасына барлығын қуана айтып берді. Демалыстар бітті, сабаққа баратын уақыт та келді. Көп ұзамай қыс келді. Ал Швейцария тауларындағы қыс өте қауіпті болатын. Қар көшкіндері жиі болып түрады. Бір күні Генри қалың қардың үстінде келе жатқанда, «гүрс» еткен қатты дауыс естіді. Оның жүгіргісі келді, бірақ тым кеш болды. Қар көшкіні оны басып, ол қардың астында қалды. Қараңғы түскенде оның ата-анасы алаңдай бастады. Олар оны ұзақ уақыт бойы іздеді. Тек бірнеше сағаттан кейін, ол үйілген қардың астынан табылды. Оның қолындағы сұқ саусағы тік болып жатты. Өліп бара жатып, Генри Ізгі Бағушыны есіне алды. Оның ата-анасы қатты қайғырды. Оларда бір жұбаныш болды: олар бір күні, көкте Генриді көретін болады. Бір күні олар да көкке барады және сонда Ізгі Бағушымен бірге мәңгі өмір сүреді. Балалар, сендер шын жүректен: «Құдай менің Бағушым», - деп айта аласыңдар ма? Рөлдер: Баяндаушы, турист, Генри Авторлық құқықтар: CEF Germany |