STORIES for CHILDREN by Sister Farida(www.wol-children.net) |
|
Home عربي |
Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 051 (Two gifts) This page in: -- Albanian -- Arabic? -- Armenian -- Aymara -- Azeri -- Bengali -- Bulgarian -- Cebuano -- Chinese -- English -- Farsi -- French -- Fulfulde -- German -- Greek -- Guarani -- Hebrew -- Hindi -- Indonesian -- Italian -- Japanese -- KAZAKH -- Korean -- Kyrgyz -- Macedonian -- Malayalam? -- Platt (Low German) -- Portuguese -- Punjabi -- Quechua -- Romanian -- Russian -- Serbian -- Slovene -- Spanish-AM -- Spanish-ES -- Swedish -- Swiss German? -- Tamil -- Turkish -- Ukrainian -- Urdu -- Uzbek
ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер
51. Екі сыйлық1-ші дос: «Біздің досымыздың жағдайы қалай екен, білесің бе?» 2-ші дос: «Білемін, өте нашар». 1-ші дос: «Барлық уақытта жатып қалып, еш қозғала алмай қалудың қаншалықты қорқынышты екенін, мен елестете аламын». 2-ші дос: «Мен ол тұралы ойлап, қатты қайғырамын». 1-ші дос: «Тыңдашы, оны Исаға апарайық. Ол қазір Капарнаумда. Иса оны сауықтыра алады». Бұл нағыз шынайы достар еді. Олар досын қиыншылықта қалдырған жоқ. Олар оны төсекке жатқызып Исаға апарды. Бірақ, өкінішке орай, олар біраз кешігіп қалды. Иса уағыздап жатқан үйдің іші адамдарға лық толы еді. Кіре берісте адам көп болды. Үйге кіру мүмкін болмады. Барлығы Исаны тыңдағысы келді. Өйткені Ол сияқты ешкім Құдай туралы үйретпеген. 2-ші дос: «Менің бір ойым бар. Қара, анау баспалдақтар арқылы біз үйдің төбесіне көтеріле аламыз». 1-ші дос: «Мен сенің не ойлап тұрғаныңды түсінген сияқтымын. Кәне! Кеттік!» Олар досының төсегін көтеріп, үйдің тегіс төбесіне абайлап көтерілді. Саздан жасалған шатырды ойып болғаннан соң, олар науқас досының төсенішін арқанмен байлап, оны дәл Тәңір Исаның алдына түсірді. Қызық, Ол оған көмектесе ме? Иса басын көтеріп, аурудың достарына қарады. Олардың сенімін көріп, Ол сал адамға: Иса: «Сенің күнәларың кешірілді!» - деді. Иса оны кешірді. Мұны ешкім күткен жоқ. Кейбір адамдар өз ойларында ашуланды: Ол күнәларды қалай кешіре алады? Бізді тек Құдай ғана кешіреді. Олар Иса - Құдайдың Ұлы екенін және Оның күнәларды кешіре алатынын түсіне алмады. Иса олардың ойларын білді. Иса: «Жүректеріңде не ойлап тұрсыңдар? Қайсысын айту оңайырақ: “Сенің күнәларың кешірілді!” деу ме, әлде: “Орныңнан тұрып, төсенішіңді жинап алып, жүре бер!” деу ме? Қазір Менің осы екеуін де айта алатынымды көресіңдер». Содан кейін Ол сал адамға: Иса: «Саған айтамын: орныңнан тұр да, төсенішіңді жинап алып, үйіңе бар!» Бәрі не болатынын күтіп, қимылсыз қатып қалды. Сал адам қозғала бастады! Ол орнынан тұрып, төсенішін жинап, жүре бастады. Иса оны сауықтырды. Бұл керемет үшін барлығы Құдайға мадақ айтып, таңырқап: Адамдар: «Біз ешқашан мұндайды көрген емеспіз!» Сол күні бір адам үлкен батамен үйіне қайтты. Балалар, Иса оған қандай екі сый берді? Бізге сол туралы жазыңдар, біз міндетті түрде сендерге жауап жазамыз. Және әрқашан Исаның сендерге Өз батасын бергісі келетінін естеріңде сақтаңдар! Рөлдер: Баяндаушы, екі дос, Иса, адамдар Авторлық құқықтар: CEF Germany |