STORIES for CHILDREN by Sister Farida(www.wol-children.net) |
|
Home عربي |
Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 052 (Without a schedule to Hawaii) This page in: -- Albanian -- Arabic? -- Armenian -- Aymara -- Azeri -- Bengali -- Bulgarian -- Cebuano -- Chinese -- English -- Farsi -- French -- Fulfulde -- German -- Greek -- Guarani -- Hebrew -- Hindi -- Indonesian -- Italian -- Japanese -- KAZAKH -- Korean -- Kyrgyz -- Macedonian -- Malayalam? -- Platt (Low German) -- Portuguese -- Punjabi -- Quechua -- Romanian -- Russian -- Serbian -- Slovene -- Spanish-AM -- Spanish-ES -- Swedish -- Swiss German? -- Tamil -- Turkish -- Ukrainian -- Urdu -- Uzbek
ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер
52. Компассыз ГавайғаБалалар, сендер қоныс аударатын құстардың ұшар алдында электр сымдарының үстінде қалай жиналатынын көрдіңдер ме? Неліктен олардың саяхаттауға деген ынтасы бар екен? Жылдан жылға сайраған құстар, қарлығаштар, ләйлектер бір күнде, дерлік оңтүстік өлкелеріне ұшып кетеді. Олар кетуге дайындалу уақыты келгенін қайдан біледі? Жаратушы Құдай оларға бұл білімді берді. Олар Оның нұсқауларын мойынсұнып орындайды және бұл олардың өмірін сақтап қалады. Кейбір құстар 10 мың шақырымнан астам қашықтыққа ұшып, көктемде туған ұясына қайта оралады. Бұл керемет емес пе? Әлемде американдық алтын жақтұрсын деген құс бар. Бұл құстың түрі, қары ешқашан ерімейтін Аляскада тұрады. Балапандары жұмыртқадан 26 күннен кейін шығады. Олардың сүйікті тағамы - мүкжидек пен майлы құрттар. Американдық алтын жақтұрсын көгершіннен үлкен емес, оның жылтыр алтын-жасыл қауырсындары бар. Жақтұрсындар жақсы жүрмесе де, олар нағыз керемет ұшқыштар. Олар үшін бұл ең маңыздысы, өйткені олар қысты Гавай аралдарында өткізеді. Бұл үшін олар 88 сағаттан астам тоқтаусыз ұшулары қажет болады. Ғалым: «Американдық алтын жақтұрсынның қысқы қоныс аударуы ғалымдар үшін жұмбақ күйінде қалып отыр. Саяхатқа ұшар алдында ол әдеттегі салмағының жарты салмағын қосады. Американдық алтын жақтұрсын Құдайдың оған берген нұсқауымен ғана жүреді. Компас та, карта да жоқ, ол түнде де және бұлтты тұманда да ұшады. Тіпті бұрын-соңды Гавайға ұшып көрмеген жас құстар да, бұл шағын аралды кең мұхиттың ортасынан табады. Және бұл жай ғана кездейсоқтық емес. Олар Құдайдың нұсқауларын орындап, Оған ризашылық әндерін айтады! Біз де солай істеуіміз керек. Дұрыс па балалар? Құдай бізге Киелі кітапта нұсқаулар берді. Кімде-кім осы нұсқауларды ұстанса, ол ақырында қажетті жерге жетеді. Рөлдер: Баяндаушы, ғалым Авторлық құқықтар: CEF Germany |