Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 053 (Envy has terrible consequences 1)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

53. Көре алмаушылықтың салдары жаман болады 1


Балалар, сендердің ағаларың мен әпкелерің бар ма? Сендер олармен жақсы қарым-қатнастасыңдар ма, әлде кейде жанжалдасып, ұрысып қаласыңдар ма? Барлығымызға басқа адамдармен жақсы қарым-қатынаста болуды үйренуіміз керек.

Жақыптың ұлдары, өкінішке орай, мұны үйренбеді. Киелі кітапта Жақыптың он екі ұлы болғаны айтылады. Он екі ағайынды отбасын елестетіп көріңдерші! Бұл отбасында үнемі әр түрлі жағдайлар болып тұрады.

1-ші ағасы: «Мен осыдан шаршап кеттім! Жүсіпке әрқашан ең жақсысы беріледі».

2-ші ағасы: «Кішілер әрқашан сүйіктірек».

1-ші ағасы: «Біз осында жер жыртамыз, қатты шаршаймыз, ал әкеміз болса оны үнемі еркелетеді».

2-ші ағасы: «Еркелеген күшік! Оған берілген жаңа киімді көрдіңдер ме?»

1-ші ағасы: «Әкеміз оны бізден артық жақсы көреді. Бұл әділ емес!»

Ағалары Жүсіпті көре алмады. Балалар, сендер біреуді көре алмаған кездерің болды ма? Жүректегі көре алмаушылық жаман салдарға әкеледі. Ол арамшөп сияқты өсіп, жанжалдар, қызғаныш пен жек көрушіліктің жаман сезімін тудырады.

Жүректе қызғаныш пайда болған кезде, бұл туралы Исамен тез арада сөйлесіп, оны жүрегімізден алып тастауын Одан сұраған дұрыс екенін мен білемін.

Жүсіптің ағалары бұлай істеген жоқ: олар кешірім сұрамады, сондықтан олар көре алмаушылыққа одан сайын толды. Олар Жүсіпті жек көріп, онымен сөйлесуді тоқтатты. Жүсіп өз отбасында өзін бөтен адамдай сезініп, азап шекті, өйткені оның туған ағалары оны мазақ етті. Бірақ ол оларға жамандықпен жауап қайтармады. Құдай оған бәріне төзе алатын күш берді. Түнде, Құдай Жүсіппен түсінде сөйлесті. Таң атқанда Жүсіп көрген түсін ағаларына айтып берді.

Жүсіп: «Менің түсімде бәріміз далада егін жинап, бау байлап жүр екенбіз. Кенет менің бауым тік тұра қалды. Ал сендердің бауларың менікін қоршап, оған иіліп тағзым етті!»

1-ші ағасы: «Бұл тағы нені білдіреді? Әлде сен бізге патша болғың келеді ме?»

Жүсіп: «Сосын түсімде күн, ай және аспандағы он бір жұлдыз маған иіліп тағзым еткенін көрдім».

2-ші ағасы: «Ей, арманшыл! Ауызыңды жап! Сен өзің туралы тым жоғары ойлайсың!»

Жүсіп оларға, түсінде Құдайдың оған көрсеткенін, айтпағаны дұрыс болар еді.

Өйткені оның түстерін естіген бауырлары оны одан бетер жек көріп кетті. Осыдан кейін, олар тіпті Жүсіптің тірі қалмауын тіледі! Көрдіңдер ме, көре алмаушылық қандай салдарға әкелуі мүмкін?

Тіпті әкесі Жүсіпті ол өз түстерін айтқаны үшін ұрсып тастады. Бірақ Жүсіп өз түстерін ұмыта алмады.

Мұның бәрі нені білдірді?

Бұл туралы алдағы шығарылымдардан біле аласыңдар.


Рөлдер: Баяндаушы, Жүсіп, екі ағасы

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:03 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)