Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 019 (Who is the true God 4)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

19. Шынайы Құдай кім 4


Ахаб патша Ілиясқа қатты ашуланды.

Ахаб: «Көптен бері жаңбыр жаумағанына мына пайғамбар кінәлі!»

Ол қатты ашуланды. Өзі тірі Құдайды тастап кеткендіктен Исраилге үлкен құрғақшылық келгенін ол түсінбеді ме?

Арада үш жыл өтті. Осы уақыт ішінде Исраил жеріне бір тамшы да жаңбыр жаумады. Сонда Ілияс орнынан тұрып, Ахаб патшаға барды.

Ілияс: «Ахаб патша, егер жаңбырдың жауғанын қаласаң, Бағалға табынатын бүкіл халықтар мен діни қызметкерлерді Кармил тауына алып кел, сол жерде кездесейік. Сонда біз нағыз Құдайдың кім екенін көреміз: Тәңіріміз Құдай ма, әлде Бағал ма?»

Ахаб Ілиястың айтқанын орындады.

Келесі күні таңертең бүкіл халық таудың басына шықты. Не болар екен.

Ілияс халыққа былай деді:

Ілияс: «Қашанға дейін ойланасыңдар? Кімге қызмет ететіндеріңді бүгін шешіңдер: Құдай Тәңірімізге ме, әлде Бағалға ма!»

Халық үндемеді. Осы уақытта Ілияс құрбандық орнын дайындап, оның үстінде бұқаны қойды. Бағалдың діни қызметкерлері де солай істеді.

Ілияс: «Күте тұрыңдар! От жақпаңдар! Әркім өз Құдайына дұға етсін. Кімнің Тәңірі көктен от түсірсе, міне сол, нағыз Құдай!»

Бағалға табынушылар бірден Бағалға жалбарына бастады. Олар бірнеше сағат айқайлады, бірақ аспаннан жауап болмады. Ілияс оларға қарап күліп:

Ілияс: «Әй! Қаттырақ айқайлаңдар! Бәлкім, сендердің құдайларың ұйықтап қалған шығар, әлде демалуға кеткен шығар!» – деді.

Тыныштық орнады. Ілияс құрбандық орнына су құйды. Құрбандық орнындағы барлық ағаштар суға малынды. Ылғал ағаш жануы мүмкін бе?

Ілияс қатты дауыстап, шын жүректен сиынды:

Ілияс: «Ием, Құдай! Халқыңа Сенің - Исраилдің Құдайы екеніңді, ал мен Сенің - қызметшің екенімді көрсет!»

Таңғаларлық керемет болды! Құрбандық орнына аспаннан от түсіп, бұқаны, отынды, тасты және тіпті суды да өртеп жіберді! Барлығы жалынға оранды.

Халық таң қалды. Олар жерге құлап, бар дауыспен айқайлады:

Адамдар: «Иеміз Құдай! Сен біздің Құдайымызсың!»

Халық қайтадан Құдайға сенді, Бағалдың діни қызметкерлері әділ жазаға ие болды және олардың барлығы өлтірілді.

Бір ғана шынайы Құдай бар! Ілияс Оған сиынды, оның дұғасына жауап ретінде аспанда қара бұлттар пайда болды. Жаңбырдың алғашқы тамшылары жерге жауа бастады. Жалғыз тірі Құдай халыққа қайтадан жаңбыр жіберді.


Рөлдер: Баяндаушы, Ахаб, Ілияс, адамдар

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 01:54 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)