STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 160 (Why does Jesus allow it 1)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

160. Неліктен Иса бұған жол берді 1


Үш туыстар: екі әпкелері мен інілері бір-бірінен ажырамайтын еді. Балалар, менің кім туралы айтып тұрғанымды білесіңдер ме? Марта жігерлі, әрі тапқыр жас қыз болатын. Мәриям – тыныш және сәл ұялшақ. Және олардың інілері – Елазар. Әпкелер оған әрқашан да сенім арта алатын. Олар үшеуі де Исаны жақсы көрді. Иса Бетанияда болғанда, әрқашан олардың үйіне келетін.

Әдетте олардың үйінде қуанышты көңіл-күй болатын. Бірақ бір күні Елазар кенеттен қатты ауырып қалады. Мәриям қатты алаңдап, Елазардың жанында отырды. Ауырып қалған інілеріне сөйлеудің өзі қиынға соқты. Ол көздерін жұмды.

Марта есікке қарай жақындап, інісінің жүзінің бозарып кеткенін көргенінде, қатты шошып кетті.

Марта: «Мәриям, біз бұлай отыра алмаймыз. Оған тек Иса ғана көмектесе алады. Мен тез арада Исаға ініміздің ауырып жатқанын хабарлаймын».

Мартаның хабаршысы ентігін баса алмады. Ақырында ол Исаны Иордан өзенінің жағасынан тапты.

Хабаршы: «Иса, тезірек Мәриям мен Мартаға бар. Олар мені Елазардың ауырып жатқанын хабарлау үшін жіберді. Тездет, әйтпесе ол өледі!»

Иса осы туыстарды жақсы көрді. Бірақ Ол оларға баруға асықпады. Ол шәкірттерімен бірге олар болған жерде қалып, тағы бірнеше күн болды.

Иса: «Енді Елазарға барайық. Ол ұйықтап қалды. Мен оны оятамын».

Шәкірт: «Ұйықтағаны жақсы, сонда ол жақын арада сауығып кетеді».

Иса: «Мен оны бұл мағынада “ұйықтап қалды” деп айтқан жоқпын. Елазар өлді».

Шәкірт: «Өлді ме?»

Иса: «Мен сонда болмағаныма қуаныштымын. Өйткені осы арқылы сендер Маған сенуді үйренесіңдер».

Шәкірттер ештеңені түсіне алмады. Елазар өлді, ал Иса болса қуанып жатыр! Бұл арқылы олар Оған сенуді қалай үйрене алады?

Бәлкім, Иса оларға жағдай өте нашар кезде де Оған сену керектігін үйреткісі келген шығар? Тіпті ештеңе анық болмаған кездерде де?

Елазардың денесі қабірге қойылды. Мәриям мен Марта қатты қайғырып, жылап отырды. Көптеген аза тұтушылар келді. Олар әпкелерді жұбатуға тырысты.

Ал енді, балалар, мен сендерге шағын тапсырма беремін.

Бұл сұраққа жауап беруге тырысыңдар: Егер Иса сендердің дұғаларыңа жауап бермей, бірден көмектеспесе, сендер не істер едіңдер?

Егер Ол сендердің өмірлеріңде ең жаман нәрсеге жол берсе, не істер едіңдер?

Қандай жағдай болмасын, Исаның сендерді сөзсіз сүйетініне сенер ме едіңдер? Бұл туралы ойланып көріңдер!

Және де естеріңде болсын – бұл оқиға келесі шығарылымда жалғасады.


Рөлдер: Баяндаушы, Марта, хабаршы, Иса, шәкірт

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 25, 2023, at 12:20 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)