STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 159 (Whoever digs a hole 4)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

159. Біреуге ор қазсаң 4


Хаман, әлгі жиіркенішті адам, есінен танып қала жаздады. Ол Парсыдағы барлық яһудилермен бірге өлтірмекші болған сол Мардохайды, бүкіл халықтың алдында құрметтеуге тиіс болатынын тіпті елестете де алмады.

Өзінің халқын сүйетін және оны сақтап жүретін, тірі Құдайдың осы жағдайға араласатынын, Хаман мүлдем күткен жоқ еді.

Осыдан кейін Хаман өзін не күтіп тұрғанын білсе ғой... Ол патшамен бірге түскі асқа шақырылғанына өте мақтанып жүрді. Естер патшайым қонақтарды қабылдауға дайындалды.

Естер Мардохайдың асырап алған қызы екенін сарайда ешкім білген жоқ еді. Ал Ахасуер патша, сол күні Естер патшайымның кез келген тілегін орындағысы келді.

Патша: «Естер патшайым, сенің қандай тілегің бар? Қаласаң, патшалықтың жартысын саған беремін!»

Естер: «Патшам, сенен бір ғана нәрсені сұраймын: маған және менің халқыма, яһудилерге, өмір сыйлашы. Бір адам бәрімізді өлтіріп, құртқысы келеді».

Патша (ашуланып): «Бұл адам кім? Ол қайда?»

Естер: «Ол – Хаман. Біздің ең қас жауымыз!»

Патша ашуға булықты. Хаман одан рақым сұрады. Бірақ бұл бекер болды. Қызметшілер оның көздерін жауып, оны жетектеп, шығып кетті. Сонымен, жендеттер Хаманның Мардохайға арнап дайындатқызған дарына, оның өзін асып қойды.

Қыз: «Біреуге ор қазсаң, өзің оған түсесің, – деген жақсы мақал бар ғой!»

Хаман барлық яһудилерді жоюды қалаған бірінші адам емес болатын. Ол тіпті соңғысы да емес еді. Бірақ Құдай Өз халқын сақтайды. Ол жаулардың зұлым жоспарларын бұзады.

Құдайдың жоспары бойынша, біздің Құтқарушымыз Иса, яһуди болып туылды. Құдай қалай қаласа, дәл солай болады.

Ахасуер патша да Құдайдың қолында болды.

Патша: «Патшаның бұйрығы: менің патшалығымдағы әрбір яһудидің өзін қорғауға құқығы бар!»

Патшаның жүйрік аттарға мінген хабаршылары, бұл жаңа заңды елдің барлық аймақтарына жеткізді. Яһудилердің қас жауы Хаман, яһудилерді қыру күні деп белгілеген 13 желтоқсан күні, яһудилер үшін қуанышты жеңіс күні болып шықты.

Желтоқсанның 14-ші күні, олар жеңісті тойлап, бір-біріне сый-сияпаттар жасап, кедейлерге тамақ таратты.

Қайғы қуанышқа айналды. Құдай Өзінің халқы Исраилді таңдап, сақтап қалды. Құдай әрқашан да соңғы сөзге ие.


Рөлдер: Баяндаушы, патша, Естер, қыз

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 25, 2023, at 12:15 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)