STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 161 (Can the dead live 2)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

161. Өлгендер қайта тіріледі ме 2


Балалар, егер Иса дұғаларыңа өздерің қалағандай жауап бермесе, сендер не істер едіңдер? Оған ренжіп, дұға етуді қояр ма едіңдер?

Інісі қайтыс болса да, Марта солай істеген жоқ. Иса ақыры келгенде, Елазардың қабірде жатқанына төрт күн болған еді.

Марта: «Уа, Иса, Сен бізге ертерек келгеніңде, менің інім өлмес еді!»

Иса: «Елазар қайта тіріледі».

Марта: «Ақырғы күнгі қайта тірілуде, Құдай барлық өлгендерді қайта тірілтетін күнде, оның да тірілетінін білемін».

Иса: «Қайта тірілу мен шынайы өмір – Менмін. Маған сенетін адам өлсе де, шынайы өмір сүретін болады. Бұған сенесің бе?»

Марта: «Иә, мен Сенің – Құдайдың Ұлы екеніңе сенемін!»

Исаға сену – әрқашан да ең жақсысы. Сендер Оны түсіне алмаған кездеріңде де, бәрібір Оған сенуді жалғастыра бергендерің дұрыс болады.

Марта үйіне асығып келді.

Марта: «Мәриям, сені Иса күтіп тұр».

(қыздың жүгіргені естіледі) Мәриям інісінің неліктен өлгенін түсіне алмады.

Ол жылап, Исаға қарай жүгірді.

Мәриям: «Иса, егер Сен осында болғаныңда, Елазар өлмес еді!»

Иса: «Сендер оны қайда қойдыңдар?»

Мәриям: «Менімен жүр, мен Саған көрсетемін».

Олар кіре берісі үлкен қақпақ таспен жабылған қабірге барды. Олармен бірге көптеген аза тұтушылар да болды. Иса да жылап жіберді.

Ер адам: «Ол жылап жатыр. Ол Елазарды қатты жақсы көрген».

Ер адам: «Онда неге Ол Елазардың өлуіне жол берді?»

Иса: «Тасты алып тастаңдар!»

Марта қатты шошып кетті.

Марта: «Ием, ол төрт күн бұрын қайтыс болды. Ол иістеніп барады!»

Иса: «Марта, егер сен Маған сенсең, Құдайдың құдіретті ұлылығын көресің».

Қандай жаман жағдай болса да, Исаға сену – әрқашан да ең жақсысы.

Оны түсіне алмаған кездеріңде де, бәрібір Оған сенуді жалғастыра бергендерің дұрыс болады.

Ер адамдар тасты домалатып алып тастады. Иса көкке қарады.

Иса: «Әке, Сен Менің дұғаларымды әрдайым естисің. Елазар! Шық!»

Керемет орын алды. Өлген адам қабірден шықты!

Бұл кереметті көргендердің көбісі Исаға сенді. Қандай жағдай болмасын, әрқашан Исаға сенген дұрыс болады. Ал сен Исаға сенесің бе?


Рөлдер: Баяндаушы, Марта, Иса, Мәриям, екі ер адам

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 25, 2023, at 12:21 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)