STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 094 (Bad conscience 6)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

94. Рингу кешірім сұрайды 6


Рингу елші қызметшінің кішкентай органын ұрлап алған еді, енді оны ар-ұжданы азаптады. Ұрлық ешкімге де қуаныш әкелмейді. Балалар сендер де мұны түсіндіңдер ме? Қалай және нені ұрлағандарың, дүкеннен бе, әлде аналарыңның әмиянынан ба, ол маңызды емес, жағдайды түзетудің бір ғана жолы бар.

Рингу осы жолмен жүруге шешім қабылдады. Ол Исадан кешірім сұрап, ұрланған затты иесіне қайтармақ болды.

Рингу бұқаларды жегіп алып, кішкентай органды арбаға қойды.

Батту: «Рингу, сен не істеп жатырсың?»

Рингу: «Мен кішкентай органды қайтарамын».

Батту: «Сен есіңді жоғалттың! Қазір қайтаратын болсаң, онда оны не үшін алдың? Сен Исаны қабылдаған кезіңнен бастап, мен үшін сені түсіну қиын болып жатыр».

Рингу: «Арбаға мін! Жолда бәрін айтып беремін».

Рингу тезірек қалаға жетуге асықты.

Ол Мерри ханымды тез тауып алғанына қуанды. Ол Үндістанда Киелі кітап аудармашысы болып жұмыс істеді.

Мерри ханым: «Сәлеметсіңдер ме балалар. Сендердің келгендерің қандай жақсы болды. Сендер маған көмектесе аласыңдар ма? Маған аударма үшін корку тілінде бірнеше сөздерді нақтылау керек еді».

Рингу: «Иә, бірақ мен алдымен Сахиб Граббты көруім керек».

Мерри ханым: «Ол енді бізбен бірге емес. Ол қатты ауырып, Америкаға қайтып кетті. Бірақ дәрігерлер оған көмектесе алмады. Сахиб Грабб қазір көкте».

Рингу: «Сахиб көкте? Иеміз Исамен бірге ме? Әрине, ол көкте өте бақытты... Бірақ ол енді бізбен бірге болмайды».

Мерри ханым: «Иә, ол енді бізбен бірге емес».

Бұл хабар Рингуны қатты қапаландырды, ол жылай бастады.

Мерри ханым: «Қарашы, менде оның суреті бар. Оны өзіңе қалдырғың келеді ме?»

Рингу: «Рахмет. Бұл менің Сахибім, ол маған Тәңір Иса туралы айтып берді».

Мерри ханым: «Рингу, Құдайдың сенің өміріңе қатысты жоспары бар. Оның сен арқылы басқа адамдарға Иса туралы айтқысы келетініне сенемін».

Рингу: «Бірақ мен... бір нәрсені ұрлап алдым... кішкентай органды. Ол ана жерде, арбада».

Оның күнәсі енді құпия емес еді. Рингуның иығынан ауыр жүк түскендей болды.

Мерри ханым оны кешірді. Ол арбаға жүгіріп барып, ұрланған затты қайтарды.

Рингу: «Қош болыңыз, Мерри ханым. Келесі жолы келгенде, корку тілінде көбірек сөздер айтып беремін. Ал енді біз отын жинауымыз керек».

Қайтып келе жатқанда ол дұға етті.

Рингу: «Тәңір Иса, мені кешіргенің үшін, Саған рахмет. Сенен өтінемін, Сахибке, мен оның кішкентай органын қайтардым деп айтшы. Мен өте қуаныштымын! Мен Саған қызмет еткім келеді!»

Батту: «Рингу, сен маған Иса туралы айтып бере аласың ба?»

Рингу: «Иә, мен саған Ол туралы күн сайын айта аламын!»


Рөлдер: Баяндаушы, Рингу, Батту, Мерри ханым

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:13 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)