STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 102 (Out in the open 2)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

102. Барлығы анық болады 2


Баланың аман қалуының өзі бір Құдайдың кереметі еді. Перғауын исраилдіктердің жаңа туылған ұл сәбилерін Ніл өзеніне лақтыруды бұйырды. Ал бұл баланы перғауынның қызы, ханшайымның өзі тауып алды. Ол оны Ніл өзенінің жағасында, себеттің ішінен тапты және оны өте аяды. Ханшайым баланың анасына бірнеше жыл бойы оны бағып-қағуыды тапсырды.

Мұса (бала кезінде): «Анашым, мен неге сізбен бірге тұра алмаймын? Сіз менімен бірге бармайсыз ба?»

Анасы: «Бара алмаймын, қымбаттым. Бірақ мен әрқашан сен туралы ойлап жүремін».

Мұса (бала кезінде): «Менің сізбен қалғым келеді».

Бірақ оларға қоштасуға тура келді.

Ханшайым баланы асырап алып, оған Мұса деп ат қойды.

Мұса ең жақсы мектепке барып, тыңғылықты түрде оқыды. Оған құрмет көрсетілді. Ол есейіп, бай адам болды.

Бірақ ол өз халқын ешқашан ұмытпады. Ол өзінің 300 жыл бойы Мысырдың құлдығында болған, Құдайдың халқынан шыққанын, жүрегінде білді.

Мұса: «Мен патшаның ұлымын. Менде қажеттінің бәрі бар. Мен өте баймын. Сонда, не болады? Мұның не мәні бар? Мен өз халқыма көмектесуім керек екенін жүрегіммен сеземін».

Мұса Құдай үшін, барлығынан қуанышпен бас тартты. Ол ханзада сияқты құрметке ие болғанша, құл сияқты келеке мен қорлыққа шыдауға дайын болды.

Ол патша сарайынан шығып кетті. Көп ұзамай ол бір мысырлықтың исраилдіктерді ұрып жатқанын көрді. Жан-жағына қараған Мұса, оларды ешкім көре алмайтынына сенімді болып, мысырлықты өлтірді. Ол асығыс марқұмның денесін құмға көміп тастады.

Құдай Мұсаның Өз халқын құлдықтан босатуын қалады, бірақ мұндай қатыгездікпен емес.

Көп ұзамай Мұсаның ісі белгілі болды. Бұл хабар перғауынға жеткенде, ол Мұсаны өлтіруді ұйғарды.

Сонда Мұса басқа елге қашып кетті. Мұнымен бәрі аяқталды ма? Ал Мұса сияқты кісі өлтіруші, Құдай үшін бір нәрсе істей алады ма?

(жайылып жүрген қойлардың дыбыстары) Мұса 40 жыл бойы басқа біреудің қойшысы болып, оның қойларын бақты. Көкорай шалғында қой бағып отырып, ол көп ойланатын.

Мұса Құдайды ұмытпады, Құдай да ол туралы ұмытпады.

Бір күні Мұса бір керемет нәрсені көреді.

Мұса: «Мен бұған сене алар емеспін! Бұл мүмкін емес қой! Бұта от болып жалындап тұрғанымен, өртеніп кетпейді! Қандай ғажап - бұта толығымен жанып тұр, бірақ өртеніп жатқан жоқ!»

Жанып тұрған бұтаның құпиясы туралы келесі шығарылымда білетін боласыңдар.


Рөлдер: Баяндаушы, Мұса (бала кезінде), анасы, Мұса

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:15 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)