Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 078 (Lou Ling makes a decision)
78. Лоу Линг шешім қабылдайды
Лоу Линг терең ойға шомды. Ол кіреберістегі есіктің үстіндегі сөреде тұрған пұт туралы ойлады. Бұл қыз Қытайда тұратын, ата-анасы бұл ағаштың - Құдай екенін оған айтқан.
Бұл өтірік. Бұл жай ғана ойға сыймайтын нәрсе. Тірі Құдай көкте, ал сөредегі мына мүсінше – жансыз пұт. Қолдары бар, бірақ ешкімге көмектесе алмайды. Аузы бар, бірақ сөйлей алмайды. Құлақтары бар, бірақ естімейді.
Адамдар пұтқа табынып, тірі Құдайдың бұған тыйым салғанын білмейді: Мен Тәңірмін, сендердің Құдайларыңмын, басқа құдайларға табынбаңдар, тек Маған ғана табыныңдар!
Лоу Линг бұл туралы ойлады.
Лоу Линг: «Біздің сөремізде шынымен де тірі Құдай отыр ма?»
Ол мәсіхшілердің мектебіне барып, жалғыз шынайы Құдай туралы әңгімелер естіді. Ол Құдай Өзінің Ұлын әлемдегі әрбір адамның күнәсі үшін өлуге жібергенін білді. Құдай Ұлының үшінші күні қайта тірілгені және Оның тірі екендігі туралы әңгімелер оны таң қалдырды.
Шынайы Құдай кім екен? Иса ма, әлде олардың үйіндегі мүсінше ме?
Лоу Линг: «Жарайды, мен қызықты шешім таптым! Үйдегі пұтымызды аулаға апарып, жерге көмемін. Егерде ол өмірге келсе, онда ол нағыз Құдай болғаны!»
Лоу Линг қолына күрек алып, аулаға шығып, пұтты жерге көмді. Ойына риза болып, ол үйіне қайтты. Бір күн өтіп кетті. Екінші күні ол пұттың қабіріне барып, біраз жерді қазды. Мүсін сол жерде жатты. Қыз келесі үшінші күннің өтуін тағатсыздана күтті. Ақыры, бұл күн де келді, пұт әлі де жерде қозғалмай жатты.
Лоу Линг: «Енді мен Исаға, мен үшін өліп, қайта тірілген, Тәіңірге сенемін!»
Лоу Линг дұрыс шешім қабылдады және кейіннен тірі Құдай әрқашан онымен бірге екеніне және оны ешқашан тастамайтынына, ол бірнеше рет көзін жеткізді.
Құдай Өз Сөзінде былай дейді:
«Мен Жаратқан Тәңірмін, сенің Құдайыңмын. Менен басқа құдайың жоқ болсын. Сенің өміріңде Меннен маңызды ештеңе болмауы керек!»
Рөлдер: Баяндаушы, Лоу Линг
Авторлық құқықтар: CEF Germany