STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 079 (Invaluable)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

79. Баға жетпес


(Судың шашыраған дыбысы) Үнді інжу сүңгуірі мұхит суына ептілікпен секірді. Оның ең жақын досы Дэвид Морс, су бетінде оның қара басы қайта пайда болғанша, қайықта оны күтіп отырды. Ол пышақпен теңіз ұлуының қабығын аршыды.

Дэвид Морс: «Рамбхау, сен расында да теңдесі жоқ сүңгуірсің! Мұндай інжу-маржанның құны өте қымбат!»

Рамбхау: «Иә, бұл інжу-маржан жаман емес».

Дэвид Морс: «Ал, сен бұдан да жақсысын кездестіргенсің бе?»

Рамбхау: «Менің үйімде бұдан әлдеқайда қымбатырақ інжу-маржан бар».

Дэвид Морс: «Менің ойымша, бұл інжу-маржанның теңдесі жоқ. Сен тым сыншыл екенсің».

Рамбхау: «Сен әрқашан Құдайың туралы солай айтасың. Әркім өзін жақсы адам деп санайды, бірақ Құдай олардың шын мәнінде қандай екенін біледі».

Дэвид Морс: «Иә, шынымен де. Бірақ Ол әрбір адамға таза жүрек сыйлағысы келеді. Бұл Құдайдың сыйы. Түсінесің бе?»

Әңгімелесе жүріп, олар жағаға жетті.

Рамбхау: «Дэвид, мұның бәрі тым қарапайым көрінеді. Бұл сыйлықты осылай қабылдау мен үшін ұят болар еді. Мен соған лайықты бірдеңе жасағым келеді. Ана жақтағы қажыны көріп тұрсың ба? Ол Калькуттаға дейін, жалаң аяқ, үшкір тастардың үстімен бара жатыр. Ал мен болсам Делиге дейін тізе бүгіп, жорғалап барамын!»

Дэвид Морс: «Рамбхау, сен не туралы айтып тұрсың? Бұл мың шақырым ғой! Ол жерге жорғалап үлгермей, қаныңа инфекция түсіп, өлесің!»

Бірақ Дэвид Морс, өзінің досын көндіре алмады. Арада бірнеше күн өтті.

(есікті қағады)

Дэвид Морс: «Рамбхау, бұл сенсің бе? Кіре ғой!»

Рамбхау: «Дэвид, мен ертең қажылыққа барамын. Бірақ алдымен мен саған ұлым туралы айтуым керек».

Дэвид Морс: «Сенің ұлың бар ма?»

Рамбхау: «Болған. Ол бүкіл теңіз жағалауындағы ең жақсы сүңгуір болған еді. Ол ең әдемі інжу-маржанды тапқысы келді. Және ол оны тапты. Бірақ бұл үшін, оған су астында тым ұзақ болуға тура келді, көп ұзамай ол қайтыс болды (жылап). Мен бұл інжу-маржанды саған беремін, өйткені сен менің ең жақын досымсың».

Дэвид Морс: «Ол сондай керемет, Рамбхау. Оның теңдесі жоқ! Мен оны сенен тегін ала алмаймын. Мен ол үшін 10 мың рупий төлеймін».

Рамбхау: «Оны сатып алуға болмайды!»

Дэвид Морс: «Егер ол қымбатырақ болса, мен ақша тауып, төлеймін».

Рамбхау: «Дэвид, бұл баға жетпес інжу-маржан. Менің балам ол үшін өмірін қиды!»

Дэвид Морс: «Рамбхау, білесің бе, Құдаймен де солай. Оның бізді құтқарғаны - игі істермен де, қажылықпен де табылмайтын сый. Бұл Құдайдың сыйы, өйткені Құдай Ұлы, Иса ол үшін өмірін қиды. Оның берген сыйын қабылда!»

Рамбхау: «Мен енді түсіндім. Бұл үшін Оның Ұлы өмірін қиды. Иә, мен құтқарылу сыйын қабылдағым келеді!»

Балалар, құтқарылу сендер үшін де – Құдайдың сыйы.


Рөлдер: Баяндаушы, Дэвид Морс, Рамбхау

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:09 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)