STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 077 (The tomb is empty)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

77. Қабір бос


Тәңір Исаның достары Оның өлі денесін айқыштан алып, жартаста қашалған жаңа қабірге қойды. Олар қабірдің кіреберісіне үлкен тасты домалатып, онымен қабірді жауып тастады.

(фонда нәзік әуен ойнап тұр)

Қыз: Иса өлді айқышта,
Жазаланды біз үшін.
Күнәкарды сүйіп Тәңір,
Өлді сенімен, мен үшін.

Шәкірттер бір үйде жиналды. Олар қатты қайғырып, Исаны еске алды. Оның не үшін өлгенін ешкім түсіне алмады. Әсіресе Петір қатты қайғырды. Ол Исаны танымайтынын үш рет айтып, Одан бас тартты, бұл үшін ол қатты өкінді. Мұндай қорқақтығы үшін ол өзін кешіре алмады. Бірақ тым кеш болды. Иса өлді.

(фонда нәзік әуен ойнап тұр)

Бала: Иса өлді айқышта,
Біз үшін қанын төкті.
Мойындасақ күнәмізді,
Бізді, сені кешіреді.

Кенеттен есік ашылды.

Мәриям: «Ол тірі! Иса тірі! Қабірдің ішінде ешкім жоқ!»

Басқа Мәриям: «Бұл керемет жаңалықты бізге періште айтты. Петір, Ол бізге бұл жаңалықты саған жеткізуді арнайы айтты. Иса тірі!»

Петір: «Ол сендерге Өзінің тірі екенін маған жеткізіңдер деп айтты ма?»

Петір енді өз орнында отыра алмады. Ол қабірге барғанша жүгірді. Жохан онымен бірге жүгірді. Олар қабірдің ішіне қарады. Шынында да, Исаның денесі ол жерде болмады. Сонда олар Исаның өліден қайта тірілгеніне сенді. Иса тірі! Олар бұл туралы басқа шәкірттерге айту үшін, тез үй жаққа қарай жүгірді.

(фонда нәзік әуен ойнап тұр)

Бала мен қыз: Иса қабірде жатты,
Аз уақытқа өлі болды.
Ол тірілді мейрамға, Аллилуйя!
Сен үшін де, мен үшін. Аллилуйя!

Шәкірттер мен Петір үшін де. Иса біздің барлық сәтсіздіктеріміз бен қателіктеріміз үшін, көптеген жаман істер жасаған барлық адамдар үшін өлді - Иса біз үшін өлді және қайта тірілді!


Рөлдер: Баяндаушы, Мәриям, басқа Мәриям, Петір, бала, қыз

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:09 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)