Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 164 (The lost sheep 2)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

164. Жоғалған қой 2


Рут ашуланып жүгірді. Маргарит апкенің сөздері оның соңынан ергендей болды: «Мен сені интернатқа жіберемін!»

Күн батқанда, қыз үйден алыстап кеткен еді, ол қайда түнеймін деп ойлана бастады. Мола артындағы қауым үйіне барса ше?

Ол қабір тастарының жанынан өтіп, кішкентай ақ айқыш ағаштың жанына тоқтады.

Рут: «“Джоанна Коллинз, 9 жаста. Исаға кетті”. Егер мен бүгін өлсем, мен де Исаға барар ма едім?»

Рут терең ойға шомып, ақырын қауымға кірді (есік сықырлайды).

Ол орындыққа жатып, ұйықтап кетті.

Келесі күні қауым жетекшісі қауымға келіп, сол жерден Рутты көрді.

Қауым жетекшісі: «Қайырлы таң. Бұл жерге қалай келдің?»

Рут бағушыға сеніп, оған өзінің қашып кеткені туралы айтып берді.

Біраз уақыттан кейін Рут оның үйінде таңғы ас ішіп отырды. Қауым жетекшісінің әйелі, Робинджер ханым, Маргарит апкеге қоңырау шалды. Рут бөлменің ішін аралап жүрді, қабырғадағы бір сурет ерекше оның назарын аударды.

Қауым жетекшісі: «Саған бұл сурет ұнады ма? Бұл Иса, Ізгі Бағушы. Ол жоғалған қойға қолын созып, оны құтқарғысы келеді. Бұл қой маған аздап сені есіме түсіріп тұр».

Рут: «Ол мені де табады ма? Мен де Джоанна Коллинз сияқты көкке барамын ба?»

Қауым жетекшісі: «Иә. Саған тек Оның баласы болғың келетініңді Исаға айтуың керек. Мен саған мына суретті беремін. Ал енді саған үйіңе баруың керек. Маргарит апке сен туралы уайымдап жатыр».

Қайтар жолда Рут қалтасынан суретті алды. Ол суретке қарап дұға етті.

Рут: «Тәңір Иса, бұл бұзық қой – менмін. Менің барлық күнәларымды кешір. Менің Сенікі болғым келеді және бір күні көкке, Саған барғым келеді. Әумин».

Иса мұндай дұғаларға бірден жауап береді. Рут бұл үшін Оған алғыс айтып, қуаныштан секірді.

Маргарит апке оны есік алдында күтіп тұрды. Олар құшақтасты.

Рут: «Маргарит апке, менің барлық әрекеттерім үшін мені кешіріңіз. Кешіріңіз! Мені интернатқа жібермеуіңізді өтінемін. Мен қазірден бастап жақсы қыз болуға тырысамын».

Маргарит апке: «Мен сені жақсы көремін. Қайталап көрейік».

Рут бар күшін салып тырысты. Ол Киелі кітап арқылы өзінің жүрегіне сөйлеген Ізгі Бағушының даусын тыңдады. Ол барлық уақытта өз дегенін істеткісі келетін тәкаппар «менді» тыңдамады.

Рут шынымен де өзгерді. Біраз уақыттан бері бәрі жақсы болды, бірақ бір күні...

Келесі шығарылымды жіберіп алмаңдар, балалар, мен сендерге осы қызықты оқиғаның жалғасын айтып беремін.


Рөлдер: Баяндаушы, Рут, қауым жетекшісі, Маргарит апке

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 25, 2023, at 12:30 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)