Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 163 (Secret in the Wilden woods 1)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

163. Уилден орманының құпиясы 1


Руттың көңіл-күйі нашар болды. Маргарит апке оны жаман қылығы үшін жазалап, кешкі ас берместен төсекке жатқызды.

Филип әпкесінің бөлмесіне білдірмей кіріп келді.

Филип: «Рут, бұл саған. Мен мұны білдірмей қалтама салып алдым».

Рут өте аш еді. Ол сэндвичті алып, тістеп алды.

Рут (аузы тамаққа толы): «Филип, мен жақсы болғым келеді. Бірақ неге мен мұны істей алмаймын?»

Филип: «Білмеймін. Сен ренжімеуге тырысуың керек, сонда ашуланып сөйлемейсің. Маргарит апке – мейірімді әйел. Ата-анамыз Үндістанға елші қызметшілер ретінде кеткенде, ол бізді қабылдады».

Рут күрсініп, сэндвичінен тағы бір тістеп алды.

Кенеттен Маргарит апкенің келе жатқаны естілді. Филип бөлмесіне жүгіріп барып, тіпті шешінбей, асығыс көрпенің астына жата қалды.

Маргарит апке: «Қайырлы түн, Филип. Қайырлы түн, Рут».

Филип: «Қайырлы түн, Маргарит апке».

Рут ұйықтап қалғандай кейіп танытты.

Келесі күні таңертең, Филип демалыс күндеріне жоспарлар құра бастады.

Филип: «Біз Уилден орманын зерттейміз. Бәлкім, бүгін бұлақ бойында балапандар жұмыртқадан шыққан болар. Біз лашық саламыз, ол біздің тірі табиғатты зерттейтін, нағыз орталығымыз болады».

Рут бұл жоспарға қатты қуанды.

Балалар орманға тар жол арқылы жүгірді.

Рут Тэннер мырзаның қой отарына қарап, тоқтап қалды. Оның қасына кішкентай қозы жақындап, қолын жалады. Жетім қозы болғандықтан, ол кейде отардан қашып жүретін.

Филип: «Жүр, Рут, біздің уақытымыз жоқ».

Олар лашық салу үшін ең жақсы орынды тапты. Рут бұтақтарды жинады, ал Филип олардан лашық жасады. Олар күн сайын өздерінің құпия жерлеріне келетін.

Бір күні Рут үйде қалып, жуылған киімдерді жаюға мәжбүр болды. Ол мұны істегенді мүлдем ұнатпады. Ол ашуланды, және кейбір жуылған киімдер жерге түсіп, былғанып қалды.

Маргарит апке: «Абайлап ілмейсің бе? Кешірім сұра!»

Рут: «Жоқ, сұрамаймын! Сіз сондай жағымсыз әйелсіз, Маргарит апке!»

Маргарит апке: «Мен бұл туралы көптен бері ойлап жүрмін, Рут. Мен сені интернатқа жіберемін!»

Рут: «Онда мен қашып кетемін!» (есікті тарсылдатады)

Рут ашуланып үйден қашып кетті. Қайда бара жатқанын, өзі де білмеді.

Бірақ Маргарит апкенің сөздері оның соңынан ергендей болды.

(жаңғырық сияқты естіледі, дыбыс көлемі сәл төмендейді): «Мен сені интернатқа жіберемін! Онда мен қашып кетемін! Мен сені интернатқа жіберемін! Онда мен қашып кетемін!»

Қашып кеткен қызбен не болғанын, келесі шығарылымда білетін боласыңдар.


Рөлдер: Баяндаушы, Филип, Рут, Маргарит апке

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 25, 2023, at 12:27 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)