Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 165 (The secret place is taken 3)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

165. Біреу басып алған құпия жер 3


Рут (қуанып): «Маргарит апке, Робинджер ханым мені сенбі күні келіп, оның егіздерімен серуендеуге шақырды. Болады ма? Өтінемін!»

Маргарит апке: «Өкінішке орай, болмайды. Мен Миллер ханымға сені оның жиенімен ойнауға жіберемін деп, уәде бергенмін».

Рут: «Бірақ мен мұны қаламаймын! Мен оған шыдай алмаймын! Мен өзім қалаған жерге барамын!»

Маргарит апке: «Рут, бөлмеңе бар! Мен болсам, сені өзгерді деп ойладым».

Рут: «Маған бәрібір!» (есікті қатты тарсылдатып жауып тастады)

Бірақ шын мәнінде, оған бәрібір болған жоқ. Ол төсекке құлап, жылап жіберді.

Маргарит апке: «Рут, саған не болды?»

Рут (жылап): «Мен қайтадан дұрыс емес әрекет жасадым! Ізгі Бағушы мені әлі де сүйеді ме? Маргарит апке, айтыңызшы, Ол мені кешіреді ме?»

Маргарит апке: «Әрине, кешіреді, Рут. Егер сен шынымен де өкінсең, күнәңді мойындасаң, Тәңір Исадан кешірім сұрасаң, Ол сені кешіреді!»

Рут дұға етті. Және Маргарит әпкесінен кешірім сұрады. Содан кейін ол таза ар-ұжданмен және ертеңгі күнді қуанышпен күтіп, тыныш ұйықтап қалды.

Рут пен Филип Уилден орманындағы өз құпия жерлеріне бармақ болды.

Олар таңертең ерте жолға шықты.

Олардың қалың шөптің ортасындағы лашығы бұрынғыдай тұрды. Филип ішке кіре бастады, бірақ бірден қайта шығып кетті.

Филип: «Лашықтың ішінде біреу бар! Эй, шық! Бұл біздің лашығымыз!»

Терри: «Маған сендердің түкке тұрғысыз лашықтарың керек емес. Мен өзіме бұдан жүз есе артық лашық тұрғыза аламын!»

Олардың лашығынан тозған көйлек және жыртық шалбар киген, он жасар бала шықты. Оның аты Терри болатын. Филип пен Рут оны бірден ұнатып, олар дос болып кетті. Терри олардың ең жақын досы болды. Олар Терриге дастархан жайып, оны тамақтандырды, ал ол болса оларға Уилден орманының көптеген құпияларын ашты.

Терри маймыл сияқты ептілікпен ағаштарға өрмеледі, ол тіпті ең биік ағаштарға да өрмелеп шыға алды.

Филип: «Күте тұр, Терри! Әрі қарай өрмелеме! Бұл бұтақ өте жіңішке екен!»

(бұтақтың сынғаны естіледі) Бұтақ сынды, және Терри ағаштан жерге құлады. Ол қимылсыз жатып қалды.

Филип: «Рут, ол әлі тірі сияқты. Сен онымен бірге бол, ал мен көмек шақырамын».

Рут Терри үшін қатты уайымдап, дұға етті:

Рут: «Тәңір Иса, мен Сенен өтінемін, Терридің өлуіне жол берме. Ол Сенің қойларыңның бірі болуы үшін, мен оған Сен туралы айтқым келеді».

Ақыры көмек келді. Терри ақырын зембілге жатқызылып, ауруханаға жеткізілді.

Филип: «Рут, қалай ойлайсың, Терри өледі ме?»

Бұл туралы келесі бөлімде білетін боласыңдар.


Рөлдер: Баяндаушы, Рут, Маргарит апке, Филип, Терри

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 25, 2023, at 12:31 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)