Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 103 (The voice of the unseen 3)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

103. Көрінбейтіннің дауысы 3


Құпиялы жанып тұрған бұта (оттың сықырлаған дыбыстары). Ол толығымен жанып тұр, бірақ өртеніп жатқан жоқ.

Мұса ақырын оған жақындады. Ол бұл құпияны қалай болса да түсінгісі келді.

Мұса: «Қандай таңқаларлық! Неліктен бұл бұта өртеніп кетпейді?»

Құдай: «Мұса! Мұса!»

Біреу оның атын атады. Бірақ айналада ешкім болған жоқ.

Құдай: «Мұса!»

Мұса: «Иә. Мен мұндамын».

Құдай: «Мұнда жақында! Аяқ киіміңді шеш. Өйткені сен тұрған жер - киелі жер. Мен сенің ата-бабаларың сенетін Құдайыңмын».

Мұса есеңгіреп қалды. Бұл Құдай! Ол жанып жатқан бұтаның ортасында болды. Мұса енді бұтаға қарай алмады. Ол бетін киімімен жапты. Ол Құдайдың даусын анық естіді.

Құдай: «Мысырдағы перғауынның Менің халқыма жасаған ауыр азаптарын көріп тұрмын. Мен олардың көмекке шақырған дауыстарын естіп тұрмын. Ал енді, Мен оларды босатып, өте жақсы жерге алып шығамын. Мұса, сен Маған керексің. Перғауынға барып, халқымды құлдықтан босатасың».

Мұса: «Мен бе? Бірақ неге мен? Мен бұған қабілетті емеспін».

Мұсаның жүздеген сылтаулары бар еді. Құдай үшін мұндай істерді істеу оның ойына да келген емес. Бірақ Құдай Мұсаның көмегімен миллиондаған адамдарды құлдықтан босатуды шындап ниет етті.

Балалар сендер білесіңдер ме? Біздің де Босатушымыз бар.

Әрине, біз Мысырдағы исраилдіктер сияқты құлдар емеспіз. Бірақ бізді әрқашан күнәға батырғысы келетін, бір тұтқындаушы бар. Бұл - шайтан. Ол адамдарды құлдыққа түсіреді, олардың азат болғанын қаламайды. Ал біздің құдіретті Босатушымыз — Иса. Ол шайтанды жеңді.

Исаға деген сенім бізді азат етеді. Әрқайсыңа осындай бостандықты тілеймін.

Құдай бізді босатуды қалайды. Сондықтан Ол Исаны бізге және Мұсаны Мысырға жіберді.

Құдай Мұсаны нығайтты, осы тапсырманы орындау үшін оған күш берді. Ол оған кереметтерді жасау үшін де күш берді. Бірақ ең керемет сыйлық - Оның уәдесі болды.

Құдай: «Мұса, қорықпа. Мен сенімен бірге барамын және саған көмектесемін. Сенің ағаң да сенімен бірге барады. Ол жолда келе жатыр. Орныңнан тұр да, бар!»

Құдай Мұсамен бірге барды. Мұның өзі де жеткілікті болды.

Мұса исраилдіктерді босатып, Мысырдан оларды алып шыға ала ма?


Рөлдер: Баяндаушы, Мұса, Құдай

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:15 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)