Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 104 (Pharaoh is obstinate 4)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

104. Перғауын қарсылық көрсетеді 4


Һарон: «Мұса? Бұл шынымен де сенсің бе? Сәлем саған!»

Мұса: «Һарон? Мен бұған сене алар емеспін! Бір-бірімізді көрмегенімізге 40 жыл болды!»

Ағайындылар құшақтасты. Олар сөзбен айтып жеткізбейтін қуанышты сезінді.

Құдайдың олар үшін жұмысы бар еді.

Мұса исраилдіктерді Мысырдың құлдығынан алып шығуы керек еді, ал ағасы оған бұл істе көмектесуі керек еді. Олар перғауынға, әлгі қорқынышты билеушіге баруға тиіс еді. Бұл үшін оларға үлкен батылдық қажет болды.

Мұса: «Перғауын, Исраилдің Құдайы, Жаратқан Тәңір, саған бұйырады: Менің халқымды жібер!»

Перғауын: «Құдай? Ол Кім тағы? Мен Оны танымаймын. Ал исраилдіктерді жіберу менің жоспарымда жоқ. Бұл жерден кетіңдер!»

Перғауын Құдайды тыңдағысы келмеді.

Перғауын: «Ай, жалқаулар! Кәне, жұмысқа кірісіңдер! Енді сендерге кірпіш үшін сабан берілмейді. Оны өздерің қалаған жерден тауып алысыңдар. Және де күніне бұрынғыдан да көп кірпішті өндіруге міндеттісіңдер».

Мұны елестету мүмкін емес! Бәрі бұрынғыдан да нашарлай түсті. Исраилдіктер Мұсаға ұрыса бастады. Ал Мұса болса дұға етті.

Мұса: «Ием, неге Сен мені перғауынға жібердің? Қазір жағдайымыз бұрынғыдан да нашар болып кетті. Сен халықты босату үшін ешнәрсе жасаған жоқсың».

Құдай былай деді: «Жақында перғауынға не істейтінімді көресің. Мен оны сенің халқыңды жіберуге мәжбүр етемін. Мен уәде еткенімді орындаймын. Мен сендерді босатамын».

Құдай мысырлықтарға көптеген жазалар жіберді.

Бала: «Бірде Ол өзендегі барлық суды қанға айналдырды. Бірақ перғауын әлі де сенбеді».

Қыз: «Фу! Бақалар бүкіл жер бетін басып, тіпті перғауынның төсегіне де кіріп кетті!»

Бала: «Сосын, сұмдық бұршақ бүкіл егінді құртып жіберді».

Қыз: «Үш күн қатарынан толық қараңғылық басты. Бірақ бұл кереметтердің бәрі перғауынды сендіре алмады. Ол өте қыңыр болды!»

Бала: «Бұл жазалардың исраилдіктерге мүлдем әсер етпегені қандай жақсы болды!»

Содан кейін Құдай ең қорқынышты жазаны жариялады.

Құдай былай деді: «Перғауын мен Мысыр тағы бір азапқа ұшырайды, сонан соң сендер бостандыққа шығасыңдар».

Мұса соңғы рет перғауынға барды.

Мұса: «Осы түнде, Құдай Мысыр жерінен өтеді және әр отбасының тұңғыш ұлы өледі. Сенің балаң да өледі. Сонда сен Исраилдің тірі Құдайға қызмет ететінін білетін боласың».

Перғауын бұл шындықты ақыры түсіне ме? Бұл туралы келесі бөлімде білетін боламыз.


Рөлдер: Баяндаушы, Мұса, Һарон, перғауын, Құдай, бала, қыз

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:15 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)