STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 157 (Esther risks her life 2)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

157. Естер өз өмірін қатерге тігеді 2


Хаман жай ғана мейірімсіз адам ғана болмады, ол сонымен қатар өте көкірек адам болды. Ұлы парсы патшасы Ахасуер, оны патшалықтағы өзінен кейінгі екінші адам етіп тағайындады. Барлығы оған бас иіп, құрмет көрсетті. Естерді асырап алған әкесі Мардохай ғана оған ешқашан басын имеді. Хаман ашудан өзін өзі ұстай алмады.

Хаман: «Сен бұйрықты орындаудан бас тартып тұрсың! Неге маған басыңды имейсің?»

Мардохай: «Себебі мен яһудимін, ал яһудилер тек бір Құдайға ғана табынады».

Хаман: «Сен бұл ісің үшін қатты өкінесің!»

Хаман қатты ашуланып, бұған ренжіп қалды. Ол жүрегінде шайтанның жоспарын құра бастады.

Хаман: «Мен оны өлтіремін! Және тек оны ғана емес, Парсы елінің 127 аймағында тұратын барлық яһудилерді өлтіремін. Мен олардың бәрін құртамын!»

Хаман патшаға яһудилер туралы көптеген жаман сөздер айтып, оны өзінің зұлым жоспарын қолдауға көндірді. Патшаның келісімін алған ол, қалағанының бәрін жасай алды.

Хаман жүйрік аттармен хабаршыларды жіберді; олар әр қалаға мөр басылған хаттарды жеткізді. Жантүршігерлік бұйрық бәріне, барлық жерге жеткізілді.

Хабаршы: «Патшаның бұйрығын тыңдаңдар! 13-желтоқсанда барлық яһудилер - ерлер, әйелдер және балалар - өлтірілуге тиіс. Олардың ешқайсысы тірі қалмасын! Олардың барлық дүние-мүлкін тартып алып, өздерін өлтіріңдер!»

Бұл бұйрық халық арасында қорқыныш пен үрейді тудырды. Яһудилер аза тұтатын киімдерін киіп, Құдайға жылап, жалбарына бастады.

Мардохай тез арада сарайдан көмек сұрады. Бүкіл әлемде оларға көмектесетін бір ғана адам болды - Мардохайдың асырап алған қызы, Естер патшайым.

Мардохай: «Естер, сен патшаға баруың керек! Одан бізді тірі қалдыруын өтін!»

Естер: «Мен мұны істей алмаймын. Патшаның шақыруынсыз, оған ешкім кіре алмайды. Егер мен оған барсам, өліп қалуым мүмкін!»

Мардохай: «Үндемей қалма! Бәлкім, бізді құтқару үшін патшайым болған шығарсың».

Естер: «Мен үшін сиыныңдар. Мен патшаға барамын. Егер өлсем – өлемін!»

Иса да Естер сияқты біздің құтқарылып, мәңгілік өмірге ие болуымыз үшін Өзін құрбан етуге дайын болды.

Естер ең әдемі көйлегін киіп, тақ бөлмесіне толқып кірді. Патша оны көрді. Ол оны қабылдайды ма, әлде…

Бұл туралы келесі бөлімде айтамын.


Рөлдер: Баяндаушы, Хаман, Мардохай, Естер, хабаршы

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 25, 2023, at 10:19 AM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)