Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 128 (No more thirst)
128. Мәңгі шөлдемейтін боласың
Көптеген ауылдастары бұл әйелден аулақ жүретін.
Самариялық әйел: «Барлығы мені саусақтарымен шұқып көрсетеді. Тура олардың өмірінде бәрі мінсіз болатындай! Мен суға барғанда ешкімді кездестірмеймін деп үміттенемін».
(тас жолдағы қадам дыбыстары естіледі)
Ыстық тал түсте, самариялық әйел құмырасын алып, ауылдан шығып кетті. Мұндай кезде оның біреуді кездестіруі екіталай еді. Әдетте Сихар тұрғындары су әкелуге таңертең немесе кешке баратын.
Самариялық әйел: «Міне, саған! Құдықтың жанында отырған кім?»
Иса: «Маған ішетін су берші!»
Самариялық әйел: «Сен неге менімен сөйлесесің? Сен яһудисің, ал мен самариялықпын».
Бұл бейтаныс адам яһудилердің самариялықтармен араласпайтынын білмейді ме? Себебі самариялықтар басқа ұлттың халықтарымен араласып, пұттарға табынатын. Иә, Ол мұны білді. Бірақ Ол ешқашан шеттетілген адамдардан қашқан емес. Иса ондай емес еді.
Иса: «Егер сен Менің Кім екенімді білсең, сен Менен су сұрар едің, Мен саған тірі су берер едім!»
Самариялық әйел: «Ал суды қалай алар едің? Құдық терең ғой».
Иса: «Мына суды ішкен адам тағы да шөлдейді. Мен беретін суды ішкен адам мәңгі шөлдемейтін болады!»
Біздің тілектеріміз шөлдеу сияқты. Олар орындалғаннан кейін, бірден жаңалары пайда болады. Осылай жалғаса береді. Адамның жүрегі ешқашан тоймайды. Жүректің шөлін қызықты оқиғалармен, марапаттармен, достармен немесе тағы басқа нәрселермен қанағаттандыру мүмкін емес. Бұл шөлді тек Біреу - Сол құдықтың қасында отырған Адам ғана қандыра алатын еді. Әйел мұны түсінді.
Самариялық әйел: «Маған осы судан берші, мен енді бұл жерге ешқашан келмейін».
Иса: «Барып, күйеуіңді ертіп кел».
Самариялық әйел: «Менің күйеуім жоқ».
Иса: «Мен білемін. Сенің бес күйеуің болған. Ал қазір бірге тұратын адамың сенің күйеуің емес».
Иса ол туралы бәрін білді. Сонда да Ол одан аулақ болған жоқ.
Самариялық әйел: «Сені Құдай жіберді. Мен Құтқарушының келетінін білемін».
Иса: «Ол Менмін».
Иса оның барлық күнәларын кешіріп, оған жаңа өмір берді. Әйел қуанып, құмырасын тастай салып, ауылға қарай жүгірді.
Ол барлық адамдарды Исаға шақыра бастады.
Мен де сендерді шақырамын. Исаға келіңдер! Исамен танысқанда, Сихар тұрғындары айтқан сөздерді сендер де айтатын боласыңдар. Олар былай деді:
Бала: «Сенің маған айтып бергеніңнен емес, менің өзім Онымен танысқанымнан, мен Оған сенемін. Ол шынымен де әлемнің Құтқарушысы!»
Рөлдер: Баяндаушы, самариялық әйел, Иса, бала
Авторлық құқықтар: CEF Germany