STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 127 (Too late)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

127. Тым кеш


Олар жағаға жүзіп келіп, қайықтан түсті. Ақыры жетті-ау! Жайыр Исаға қатты мұқтаж болды. Ол көпшіліктің арасынан әрең өтіп, Исаның аяғына жығылды.

Жайыр: «Менің қызым өлейін деп жатыр. Тезірек! Оған қолыңды тигіз, сонда ол сауығып кетеді».

Иса онымен бірге барды. Оларға асығу керек болды. Кенеттен Иса тоқтап қалды. Не болды екен?

Иса: «Маған кім қолын тигізді?»

Ер адам: «Білмеймін. Барлығы қысылысып, бір-бірін итеріп жатыр ғой».

Иса бұрылғанда, Оның артында тұрған әйелді көрді. Ол қалтырап тұрды.

Әйел: «Мен Сенің киіміңе қолымды тигізгім келді. Он екі жыл ауырдым, ешбір дәрігер де, дәрі де маған көмектеспеді. Бар ақшамды емделуге жұмсадым, барлығы босқа кетті. Бірақ Сенің киіміңе қолым тиген бойда, сауығып кеттім!»

Иса: «Сенімің сені құтқарды. Қорықпа!»

Сенім көмектеседі! Сендер Исаға сенгендеріңе ешқашан өкінбейсіңдер. Немесе Ол сендердің сенімдеріңді ақтай алмайды деп ойлайсыңдар ма?

Хабаршы: «Жайыр қайда? Жайыр, мықты бол, қызың қайтыс болды».

Ол небәрі он екі жаста еді! Сол кезде Жайыр сенімінен айырылып қала жаздады. Ол жел соққан шамның жалынындай сөніп қала жаздады.

Иса: «Қорықпа, тек сенім арт!»

Исаның бұл сөздері оның сөніп қала жаздаған сенімін қайта оятты.

Жайырдың үйінің жанында қатты жылап жатқан адамдардың дауыстары естілді.

Иса: «Неге жылап тұрсыңдар? Қыз өлген жоқ».

Қыздың өлімін өз көздерімен көргендіктен, Исаның сөздеріне бәрі күлді. Иса барлығын қыздың бөлмесінен шығаруды бұйырды. Онымен тек қыздың ата-анасы мен үш жақын досы ғана қалды. Бөлмеде тыныштық орнады. Бәлкім, Жайыр Исаның: «Қорықпа, тек сенім арт!» деген сөздері туралы ойланып тұрған шығар. Бірақ мұндай жағдайда ол қалай сенім арта алады, неден үміт күте алады?

Иса өлген қыздың төсегіне жақындап, оның қолын алды.

Иса: «Талифа куми! Қызым, тұра ғой!»

Ата-анасы оның көзін ашып, төсектен тұрғанын көрді.

Иса: «Оған тамақ беріңдер».

Науқастарды сауықтырып, өлгендерді тірілтетін Жаратқан Тәңір осылай деді.

Исаның қолынан бәрі келеді! Тек бір нәрседен басқа: Ол Өзіне сенгендердің сеніміне нұқсан келтіре алмайды!

Сондықтан, өмірлеріңде не болса да, балалар, Оның айтқанын есте сақтаңдар: «Қорықпа, тек сенім арт!»


Рөлдер: Баяндаушы, Жайыр, Иса, ер адам, әйел, хабаршы

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 25, 2023, at 07:11 AM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)