STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 064 (On the run)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

64. Қашуда


Балалар, біздің бағдарламамызды тыңдағандарың қандай керемет! Сендер Туылу мейрамын жақсы тойладыңдар деп мен үміттенемін.

Дүние жүзіндегі көптеген адамдар Туылу мейрамын тойлап, мәңгі Патша, Исаның дүниеге келгеніне қуанады.

Бірақ 2000 жыл бұрын, бір адам, бұған мүлдем қуанбады. Бұл Ирод патша еді. Ол өзінің тағын жоғалтып алудан қорықты. Сондықтан ол ғұламалардан, Оның қайда екенін білген бойда, сәби Исаны өлтіргісі келді.

Бірақ ғұламалар Иерусалимге қайтып оралмады. Өйткені Құдай, түстерінде оларға басқа жолмен қайтуды бұйырды.

Құдай былай деді: «Ирод патшаға қайтып оралмаңдар. Басқа жолмен қайтыңдар».

Олар дәл солай істеді. Исаны жеке білетіндер, Оған қуана мойынсұнады. Олар басқа жолмен үйлеріне қайтты. Дегенмен, қауіп сейілген жоқ.

Құдай Жүсіпке, оның түсінде, оған не істеу керектігін айтты.

Құдай былай деді: «Тұр! Нәресте мен анасын алып, олармен бірге Мысырға бар, Мен саған қайтып кел дегенше, сонда бол. Ирод баланы өлтіру үшін қолдан келгеннің бәрін істейді».

Жүсіп Құдайды жақсы көрді және Құдай оған бұйырғанның бәрін бірден орындады.

Балалар, сендер де Құдайдың бұйырғанын бірден орындайсыңдар ма?

Жүсіп түн ішінде тұрып, Мәриям мен сәби Исаны алып, тез арада Бетлехемнен шығып кетті. Ол мұны дер кезінде жасады, өйткені Ирод ғұламалардың басқа жолмен кеткенін түсінді. Ирод қатты ашуланып, жан түршігерлік бұйрық берді.

Ирод: «Екі жасқа толмаған барлық еркек балаларды өлтіріңдер! Бұйрық тез арада Бетлехемде және оның айналасында орындалсын!»

Мүмкін Ирод есінен танып қалған шығар? Осы бұйрықпен ол қаншама қайғы-қасірет тудырды. Бірақ ол, нәресте Исаны таба алмай, Оған зиян келтірмеді.

Иса шамамен үш жаста болғанда, зұлым патша қайтыс болды. Сонда Жүсіптің түсіне періште келіп, оған хабар береді.

Құдай былай деді: «Тұр! Нәресте мен анасын алып, Исраилге қайтыңдар! Себебі нәрестенің өмірін құртқысы келгендер өлді».

Құдай Жүсіпке айтқанын, екі рет қайталауының қажеті жоқ еді. Жүсіп Оған сеніп, бірден мойынсұнып, Мәриям мен сәби Исаны алып, жолға шықты.

Исраилге оралып, олар Назарет деген шағын қалада қоныстанды. Құдай алдын ала айтқандай, Тәңір Иса сонда өсті.


Рөлдер: Баяндаушы, Құдайдың дауысы, Ирод

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:05 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)