Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 029 (Behind closed doors)
29. Жабық есіктердің артында
Шәкірт: «Жохан, есікті жауып таста. Мен оларға сенбеймін. Алдымен олар Исаны өлтірді, енді олар біздің артымыздан да келеді» (жабылған есіктің дыбысы).
Исаның шәкірттері жабық есіктің іш жағында көңілсіз отырды. Олар Исаның қайта тірілгенін білмеді ме? Бұл туралы Мәриям оларға айтып берген еді ғой.
(есікті қағады)
Еммаустан келген 1-ші шәкірт: «Бұл біз!»
Еммаустан келген 2-ші шәкірт: «Есікті ашыңдар!»
Шәкірт: «Клеопас? Сендер Еммаусқа қайта оралған жоқсындар ма?»
Еммаустан келген 1-ші шәкірт: «Біз Исамен сөйлестік! Ол тірі!»
Шәкірт: «Сендер Оны қайдан көрдіңдер? Барлығын егжей-тегжейлі айтып беріңдерші!»
Еммаустан келген 2-ші шәкірт: «Алғашында біз Оны мүлдем танымадық».
Еммаустан келген 1-ші шәкірт: «Былай болды: біз серуендеп және сөйлесіп жүрдік. Кенет қасымызға бір Адам келіп, бізбен сөйлесе бастады».
Еммаустан келген 2-ші шәкірт: «Ол бізден не туралы сөйлеп жатқанымызды сұрады. Мен Оған былай дедім: “Сен Иерусалимде не болғанын расында да білмейсің бе? Олар Исаны айқышқа шегеледі!” Ол бізге бұл тұралы Құдай бұдан қаншама бұрын хабарлағанын және солай болуы керек екенін түсіндірді».
Еммаустан келген 1-ші шәкірт: «Ол Киелі Жазбаны өте жақсы біледі. Бұл әңгіме бізді жұбатты. Уақыттың қалай зымырап өткенін байқамай қалыппыз, ауылымызға жеткенде қараңғы түсіп қалған еді».
Еммаустан келген 2-ші шәкірт: «Біз Оны кешкі асқа шақырдық. Ал сонда бәрі анық болды. Ол нанды алып, дұға етіп, сындырып, бізге берді. Сонда біз Оны таныдық: ИСА! Бұл Исаның Өзі еді. Бірақ біз мұны түсінгенде Ол ғайып болды. Кенеттен біздің көз алдымызда Ол жоқ болып кетті!»
Еммаустан келген 1-ші шәкірт: «Бұл рас! Барлығы дәл солай болды. Біз Исаны кездестірдік, содан соң Оның тірі екенін айту үшін асығыс оралдық!»
Адамдар Исаны кездестіргенде, бұл туралы үндемей отыра алмайды, олар бұл туралы бәріне айтқысы келеді. Бұл екі шәкірт басқаларға өздерімен болған оқиғаны айтып үлгергенше, кенеттен бөлмеде Исаның Өзі көрінді.
Ол шәкірттерге қол-аяғын көрсетті.
Иса: «Сендерге амандық пен тыныштық болсын! Бұл Менің Өзім».
Енді шәкірттердің бәрі сенді. Иса туралы есту жақсы, ал Онымен кездесу барлық күмәнді жойып, қуаныш сыйлайды. Келесі шығарылымда Дана мен Аида өздерінің Исамен кездескені туралы айтып береді.
Рөлдер: Баяндаушы, шәкірттер, Еммаустан келген 2 шәкірт, Иса
Авторлық құқықтар: CEF Germany