STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 028 (The very first Easter)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

28. Алғашқы Құтқарылу мейрамы


Сәлем балалар! Бүгін таңертең ерте тұрдыңдар ма?

Мәриям мен оның достары ерте тұрды. Олар көңілсіз болды. О, Иса тірі болғанда ғой! Бірнеше күн бұрын Ол айқышта өлді. Олар Оны еске алған сайын жылады. Таң атқанда олар Исаның қабіріне барды.

Дос қыз: «Мәриям, қара! Тас домалап кетіпті... О, мұнда Періште бар!»

Періште: «Қорықпаңдар! Сендердің Исаны іздеп жүргендеріңді білемін. Ол мұнда жоқ. Ол тірілді!»

Олардың бойында үміт пайда болды. Әрине! Иса оларға Өзінің өліп, үшінші күні қайта тірілетінін алдын ала айтқан еді ғой. Олар мұны қалай ұмытты?!

Періште: «Келіңдер, Оны қойған жерге қараңдар».

Әйелдер қабірдің ішіне қарап, оның бос екенін көрді!

Періште: «Барып, бұл туралы шәкірттерге айтыңдар!»

Керемет қуанышпен және таңданыспен әйелдер шәкірттерге жүгірді. Иса тірі!

Жолда Исаның Өзі оларды кездестірді. Олар Оны көрді. Ол олармен сөйлесті.

Иса: «Қорықпаңдар! Барыңдар, шәкірттерге айтыңдар».

Олар барып, бұл туралы шәкірттерге айтып берді.

Мәриям: «Иса тірі!»

Дос қыз: «Ол тірілді!»

Мәриям мен дос қызы: «Қабірдің ішінде ешкім жоқ!»

(бұл аятты әуеннің фонында оқыңыз)

Иса бізге Киелі кітапта былай айтады: «Қайта тірілу мен шынайы өмір - Менмін. Маған сенетін адам өлсе де, шынайы өмір сүретін болады. Осылай өмір сүріп, Маған сенген әрбір адам ешқашан да рухани өлмейді. Бұған сенесің бе?» (Жохан жазған Ізгі хабар 11:25-26).

Міне, балалар, біздің уақытымыз аяқталды, мен сендермен Мәсіхтің қайта тірілу мерекесінде мәсіхшілер бір-бірін құттықтайтын сөздермен қоштасамын:

«Мәсіх тірілді! Шынымен тірілді!»


Рөлдер: Баяндаушы, Мәриям, Мәриямның дос қызы, Періште, Иса

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 01:57 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)