Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 007 (On the winner's side)
7. Жеңімпаздың жағында
Філістірлер қайтадан исраилдіктермен соғысты бастады. Майданда Дәуіттің ағалары болды. Дәуіт оларға тамақ әкеліп, хал-жағдайларын білуі керек еді.
Әскери аймаққа жақындаған Дәуіт жау қосында биіктігі үш метрге жуық нағыз алыпты көрді! Оның аты Ғолият болатын. Ол исраилдіктерді балағаттап, қарғады. Бүкіл сарбаздар, тіпті Саул патшаның өзі де одан қорықты.
Олар Құдайдың барлық адамнан күшті екенін ұмытты ма?
Ғолият: «Ей, ақымақ исраильдіктер! Менен қорқасыңдар ма?! Ха-ха-ха! Мен сендерді тірідей жеп қоямын! Ал сендердің Құдайларың сендерге көмектесе алмайды. Мен Одан күштімін» - деп жариялады.
Дәуіт: «Оның айтқанын бәрің де естіп жатырсыңдар ма? Құдайды мазақ қылып жатыр ғой! Ал сендер ештеңе жасамайсыңдар ма не? Оның күлуіне жол бересіндер ме?» - деп сұрады.
Дәуіт бұл арсыз філістікке қатты ашуланды. Исраилдіктерді келемеждеу, бола берсін, бірақ Құдайды келеке ету мүлдем мүмкін емес! Ол тым қатты кетті.
Дәуіт тез арада Саул патшаға барып, алып Ғолиятқа қарсы жекпе-жекке шығатынын айтты.
Дәуіт нық шешім қабылдады. Оның Ғолиятқа қарсы аттанатын қарулары - шопанның таяғы және қарапайым сақпан болды.
«Құдайдың күші шексіз» - деген ой, оған батылдық берді.
Алыпқа қарсы шыққан кішкентай қойшыны көргенде көптеген жауынгерлер өз көздеріне сенбеді. Олар ары қарай не болатынын көру үшін тыныстары тарылып күтті.
Ғолият Дәуітке қарай беттеді.
Ғолият: «Сен маған таяқпен келетіндей, мен саған не итпін бе? Әлде Құдайың сені қорғайды деп ойлайсың ба? Ха-ха-ха, мен Одан күштімін. Мен сені өлтіремін!»
Дәуіт: «Сен маған қылыш пен найзамен шығып тұрсың, ал мен сен қорлап тұрған құдіреті шексіз Құдайдың есімімен шығып тұрмын. Ол сенен күшті! Сондықтан мен сені өлтіремін, сонда бүкіл әлем Исраилдің тірі Құдайға қызмет ететінін біледі!»
Дәуіт сақпанды суырып алып, тас атты... (сақпанның шуы).
Ғолият: «А-а-а-а-а!» (құлаған дауыс)
Дәуіттің қиыршық тасы алыптың дәл басына тиіп, оны өлтірді.
Ғолият үшін Құдайды қорлаған мінез-құлқы қалай аяқталды? Ол сәтсіз болды. Нағыз күш-қуатты Кім көрсетті? Әрине, Құдай!
Рөлдер: Баяндаушы, Ғолият, Дәуіт
Авторлық құқықтар: CEF Germany