Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 121 (Tracks in the snow 5)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

121. Қардағы іздер 5


Майя кітап оқып отырды, бірақ ойын жинақтай алмады.

Майя: «Әже, мен ұйықтаймын. Қайырлы түн».

Бірақ Майя бөлмесіне бармай, аулаға шығып, қалың қардың үстімен жүрді. Ол үйден алыстап кеткен кезде, кенеттен тайып кетіп, аяғын шығарып алды, енді қимылдай алмай қалды.

Майя (жылап): «Енді мен не істеймін? Мені іздеп келгенше, мен мына аязда, суықтан өлемін ғой!»

Ол қардың үстіне отырып, жылады. Аспанда жұлдыздар жарқырап тұрды. Майя басын көтеріп, аспанға қарады. Фридлиге жамандық жасаса да, Құдай оны енді осы жағдайдан құтқарады ма?

Кенеттен ол шаңғылардың дыбысын естіді.

Майя: «Көмектесіңдер! Көмектесіңдер! Фридли, бұл сенсің бе? Өтінемін маған көмектесші. Мен аяғымды шығарып алдым».

Фридли: «Мен барып шана алып келейін. Міне, мен қайтып келгенше, күртешемді киіп ал».

Ол кетіп қалды. Жалғыз қалып, Майя бар жүрегімен дұға етті.

Майя: «Құрметті Тәңір Иса, мен күнәкармын. Сен маған керексің. Сенен өтінемін, менің барлық күнәларымды кешір. Мен шынымен де Cенің қызың болғым келеді, және бұл менің дәл қазір қиналып жатқандығымнан емес. Әумин».

Фридли шанамен және жылы көрпемен қайтып келді.

Майя: «Фридли, мен саған бірдеңені мойындауым керек. Мен сенің пониіңді сындырдым. Мен Исадан кешірім сұрадым, Ол мені кешірді. Сен де мені кешір. Мен енді сені жек көрмеймін».

Фридли: «Мен мұны сен істеді деп ойладым. Мұны мойындағаның үшін рахмет. Мен сені кешіремін».

Майя аман-есен үйіне жетті. Сол кеште Фридли дұға етті.

Фридли: «Тәңір Иса, Клауспен болған оқиғаға өкінетінімді Майяға айтудың жақсы жолын маған көрсетші».

Ол қарт айтқан дәрігерді есіне алды. Ол Клаустың аяғын сауықтыра ала ма? Сол түні, қар боранына қарамастан, Фридли қалаға аттанды. Жол қауіпті болса да, ол қалаға жетті. Оның еңбегі ақталды. Дәрігер көмектесуге келісті. Клаус ұзақ уақыт бойы ауруханада емделді. Ол қайтып келгенде, барлығы оған қатты қуанды. Ол қайтадан жүре бастады! Клаустың жанұясы Фридлиді қонаққа шақырды. Ол Клаустың балдақсыз жүргенін көргенде, бұған қатты қуанды.

Дәрігер: «Клаус, сен Фридлиге алғыс айтуың керек. Сол түні ол өз өмірін қатерге тігіп, маған келді».

Фридли: «Мен мұны өзім жасамас едім. Иса маған осы ойды беріп, оны жүзеге асыруға көмектесті».

Ал оның таудағы қарт досы барлық шығынды өз мойнына алды. Бірақ бұл Фридли екеуінің арасында жасырын құпия болып қалды.


Рөлдер: Баяндаушы, Майя, Фридли, дәрігер

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 25, 2023, at 06:59 AM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)