STORIES for CHILDREN by Sister Farida(www.wol-children.net) |
|
Home عربي |
Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 122 (Peter's life in danger) This page in: -- Albanian -- Arabic? -- Armenian -- Aymara -- Azeri -- Bengali -- Bulgarian -- Cebuano -- Chinese -- English -- Farsi -- French -- Fulfulde -- German -- Greek -- Guarani -- Hebrew -- Hindi -- Indonesian -- Italian -- Japanese -- KAZAKH -- Korean -- Kyrgyz -- Macedonian -- Malayalam? -- Platt (Low German) -- Portuguese -- Punjabi -- Quechua -- Romanian -- Russian -- Serbian -- Slovene -- Spanish-AM -- Spanish-ES -- Swedish -- Swiss German? -- Tamil -- Turkish -- Ukrainian -- Urdu -- Uzbek
ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер
122. Петірдің өміріне қауіп төніп тұрБарлық үйлерде жарық сөндірілді. Мәриямның үйінде ғана шамдар жанып тұрды. Бір жаман хабарға байланысты адамдар оның үйінде жиналды: Петір түрмеге жабылды. Ол Иса туралы айтты, ал бұл Ирод патшаның пікірінше – өте ауыр қылмыс болатын. Петір шынымен де ертең өлім жазасына кесіледі ме? Бірақ достар керемет болады деп үміттерін үзбеді, Құдай кереметтер жасай алады! Олар күндіз-түні дұға етті. Әйел: «Тәңір Иса, біз Саған жалынамыз, Петірді өлімнен құтқаршы!» Ер адам: «Сен кереметтер жасай аласың. Біз Саған сенеміз». Ал бұл кезде Петірмен не болды екен? Түрмеге назарымызды аударайық. Киелі кітап – терезе сияқты, ол арқылы біз адамдардың Исамен сол күндері қалай өмір сүргенін көре аламыз. Бала: «Петір ұйықтап жатыр! Ол ертең өлім жазасына кесілетінін біле тұра, қалайша тыныш ұйықтай алады?» Қыз: «Ол екі күзетшіге шынжырмен байланған». Бала: «Ал есік алдында тағы екеуі тұр». Петірдің өміріне қауіп төніп тұрды, ал сол уақытта, оның достары үзбей ол үшін дұға етті. Бірақ олар Петірдің жатқан бөлмесінде сол түні не болатынын көздеріне елестете алмады. Кенеттен бөлмеге өте жарқын жарық түсіп, Петірдің алдына періште пайда болды. Періште: «Петір, тұр! Киініп, аяқ киіміңді киіп, менімен бірге жүр!» Петір түсінде жүргендей, періштенің соңынан ерді. Оның қолдарында шынжыр да жоқ. Күзетшілер де ештеңені байқамады. Түрменің ауыр есіктерін көзге көрінбейтін қол ашты. Біраз уақыттан кейін періште жоқ болып кетті. Құдай кереметтер жасайды! Петір: «Мен боспын! Құдай мені Иродтың қолынан құтқару үшін, періштесін жіберді». Петір Мәриямның үйіне қарай жүгірді (есік қағылған дыбыс). Рода: «Бұл кім?» Петір: «Бұл мен, Петір». Оның даусын естіген Рода қобалжып кетті. Қуанышынан ол Петірге есік ашуды ұмытып, үйдегі жиналған адамдарға қарай жүгірді. Рода: «Есіктің алдында Петір тұр!» Ер адам: «Сен есіңді жоғалттың! Бұл мүмкін емес!» Рода: «Шынымен! Мен оның даусын таныдым» (есік әлі де қағылып тұр). Петір: «Есікті ашыңдар!» Ер адам: «Бұл шынымен де ол! Құдай керемет жасады!» (есіктің ашылған дыбысы) Әйел: «Петір, сен түрмеден қалай қашып құтылдың?» Петір достарына өзімен болған жағдайды айтып берді. Құдай кереметтер жасай алады және дұғаға керемет түрде жауап береді! Ол әлі күнге дейін үлкен және кіші кереметтер жасайды. Оған сенім арт! Рөлдер: Баяндаушы, әйел, ер адам, бала, қыз, періште, Петір, Рода Авторлық құқықтар: CEF Germany |