Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 058 (God puts everything right 6)
58. Құдай жақсылық жасайды 6
Бұл шынымен де таңғажайып күн болды! Жүсіптің ағалары қайтадан Мысырға астық алуға келді. Олар перғауыннан кейінгі екінші тұрған адамды, бұдан 20 жыл бұрын, көре алмаушылықтың кесірінен, өздері құлдыққа сатып жіберген інісі екенін білмеді.
Жүсіп олар үшін дастархан жайып қоюды бұйырды. Бауырларды әдеттегідей өз үйінде, жастары бойынша отырғандай отырғызды. Бұл оларға біртүрлі болып көрінді. Олар ақыры астық толтырылған қаптарымен үйлеріне қайтатындарына қатты қуанды. Бірақ олар алысқа баруға үлгермеді, Жүсіптің қызметшілері оларды қуып жетті.
Қызметші: «Тоқтаңдар! Қозғалмаңдар! Сендер менің қожайынымның күміс тостағанын ұрлап алдыңдар!»
Ағасы: «Жоқ, біз ештеңе ұрлаған жоқпыз. Сіз мұны тексере аласыз».
Қызметші олардың қаптарын тінтуге кірісті. Соңғысы Буняминнің қабы болды.
Қызметші: «Мынау ұрлады! Қалғандарың боссыңдар. Қалаған жерлеріңе бара аласыңдар. Ал ол болса, осында құл болып қалады!»
Оларды қайтадан Жүсіпке апарды. Қорқыныштан дірілдеп, бәрі оған иіліп тағзым етті. Олар кетер алдында, Жүсіп оларды сынау үшін, күміс тостағанын бауырластардың бірінің қабына салуды бұйырды. Олар бір-бірін жақтай ма, әлде жүректері әлі де зұлым ба екен? Жүсіп оларға қатал сөйледі.
Жүсіп: «Сендер неге бұлай істедіңдер? Енді мына ұры осында қалып, менің құлым болады».
Сонда Яһуда былай деді:
Ағасы: «Мейірімді бола гөр, Буняминді жібер! Оның орнына мен сенің құлың болайын. Әйтпесе, әкеміз қатты қайғырып, өледі».
Ағайындылар біртұтас болды. Сонда Жүсіп оларға өзінің құпиясын ашты.
Жүсіп: «Сендер мені танымадыңдар ма? Мен Жүсіппін, сендердің бауырларыңмын».
Олар сол жерде тұрып, не айтарын білмеді. Ал Жүсіп қуанғанынан жылап, оларды құшақтады.
Жүсіп: «Сендерді тірі қалдыру үшін, Құдай мені Мысырға жіберді. Барып әкемізді және отбасыларыңды осында алып келіңдер. Ашаршылық тағы бес жылға жалғасады, бірақ мен сендерге қамқор боламын».
Ол көптеген сыйлықтарды оларға беріп, үйлеріне жіберді.
Жүсіптің тірі екенін естіген әкесінің қуанышында шек болмады. Көп ұзамай 70 адам барлық жүктерімен Мысырға көшіп келді. Олар елдегі ең жақсы жерге орналасты. Бұл қандай керемет кездесу болды! 20 жылдан кейін Жүсіп әкесін қайта көрді. Құдай бәрін жақсы жаққа бұрды, ақыры бауырластар өздерінің қателіктерін мойындады.
Ағасы: «Жүсіп, саған істеген барлық зұлым істеріміз үшін бізді кешіре гөр».
Жүсіп: «Мен сендерді кешірдім. Сендер жамандыққа бой алдырдыңдар, ал Құдай болса оны жақсылыққа айналдырды».
Иә, Құдай бәрін жақсылыққа айналдырды. Бұл Оның халқын тірі қалдыру үшін, Оның жасаған жоспары еді.
Рөлдер: Баяндаушы, қызметші, Жүсіп, ағасы
Авторлық құқықтар: CEF Germany