STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 145 (If I had 1000 lives 6)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

145. Менің 1000 өмірім болса 6


Кеме жағаға келіп тоқтады. Қатты ауырған Хадсон Тейлор жағаға шықты.

Англиядағы дәрігерлер оның ауруына қатты алаңдады.

Дәрігер: «Тейлор мырза, сіз енді Қытайға бара алмайсыз».

Х.Т.: «Егер Құдай қаласа, Ол мені сауықтырады».

Қабырғада Қытайдың үлкен картасы ілулі тұрды. Хадсон оған қарап, Иса туралы ешқашан естімеген миллиондаған қытайлықтар туралы ойлап, жылап жіберді.

Ол жиі бір оқиғаны айтатын:

Х.Т.: «Мен Син-хуа-фуға кемемен жүзіп бара жатқанмын. Питэр де сонда болды. Біз Иса туралы сөйлестік. Содан кейін мен өз бөлмеме кірдім. Кенеттен айқай мен судың шашырағанын естідім. Қарасам, Питэр суға құлап кетіпті. Мен суға секірдім, бірақ оны таба алмадым. Мен алыстан балықшыларды көріп: “Көмектесіңдер, кемеден адам құлап қалды!” деп айғайладым. Олар сабырмен маған жауап берді: “Бізде уақыт жоқ. Біз қазір балық аулап жатырмыз. Көмек берсек, бізге төлейсің бе?” Мен оларға ақша төлеуге уәде бердім. Олардың келіп көмектесуіне көп уақыт кетті. Ақыры Питэр судан шығарылды. Мен оны құтқаруға тырыстым, бірақ тым кеш болды. Ол өлді. Егер балықшылар соншалықты бейқам болмағанда, оны аман алып қалуға болар еді».

Бұл сұмдық қой!

Хадсон адамдардың құтқарылуын қалады. Әсіресе күнәдан құтқарылуын. Бірақ ол ауырып қалды.

Х.Т.: «Тәңір Иса, көп адам Саған сеніп, құтқарылуы үшін, Қытайға бес елші қызметкерді жіберуіңді өтінемін».

Ол дұғасына жауап алды. Бірақ миллиондаған қытайлықтар үшін 5 адам не болады? Хадсон Тейлор 24 адам үшін, 100 адам үшін, 1000 адам үшін де дұға етті. Құдай оның барлық дұғаларына жауап берді.

Менің өзім Хадсон Тейлордан дұрыс дұға етуді үйрендім. Бізге нақты не қажет екенін Исаға айтуымыз керек және Оның сұрағанымызды беретініне сенуіміз керек. Иса дұғаларымызға қуана жауап береді.

Хадсон Тейлор қайтадан сауығып, жаңа елші қызметшілермен бірге Қытайға кетті.

1-ші әйел: «Сен есіңнен адастың ба?! Англияда қал!»

2-ші әйел: «Мұнда көп ақша табуға болады. Ал Қытайда аштан өлесің, көп ұзамай бәрі сені ұмытады».

Х.Т.: «Мені бәрі ұмытады ма? Жоқ. Құдай Өз балаларын ешқашан ұмытпайды!»

Құдай оны ешқашан ұмытпады.

Х.Т.: «Егер менің 1000 өмірім болса, мен олардың барлығын Қытайдағы елші қызметші ретінде өмір сүрер едім».

Балалар, сендер елші қызметші болғыларың келеді ме? Айтайын дегенім, онда сендер миллионер бола алмайсыңдар, және көп қиындықтар көресіңдер. Бірақ Иса қалағандай өмір сүріп, әрқашан Оған сенім артқаннан артық, ештеңе жоқ.


Рөлдер: Баяндаушы, Хадсон Тейлор, дәрігер, 1-ші әйел, 2-ші әйел

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on October 27, 2023, at 08:18 AM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)