STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 140 (Dream job 1)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

140. Менің армандаған мамандығым 1


Ақырын, ыстық шай (стакандағы шайда қасықтың сықырлағаны).

Хадсон тілін күйдіріп ала жаздады. 150 жыл бұрын, Англияда шай ұйымдастыру дәстүрі болған. Хадсонның жанұясы күннің осы уақытында әрқашан шай ішетін. Бұл отбасы үшін ерекше уақыт болды.

Шай үстінде әкелері балаларына ылғи алыстағы Қытай елі туралы айтып беретін. Бір күні ол өте байсалды болып, былай деді:

Әкесі: «Мен мұны түсіне алар емеспін, неге Қытайға елші қызметшілер бармайды? Миллиондаған қытайлықтар Иса туралы ешқашан естімеген».

Хадсон: «Әке, мен өскенде елші қызметші боламын және Қытайға барамын».

Бес жасар ұлының бұл сөздері ата-анасының күлімсіреуіне себеп болды. Хадсон әлсіз, ауру бала болатын. Ата-анасы ол Құдайдың қызметшісі бола алмайды деп ойлады. Ол тіпті мектепке де бара алмады. Оны үйде анасы оқытты.

Хадсон өте көп оқыды.

Хадсон: «Түнде төсекте оқи алмайтыным қандай өкінішті. Анам әрқашан май шамды өзімен бірге алып кетеді... Мен бір-екі ескі балауыз шамды тауып алуым керек».

Сол күні кешке ол жасырын түрде қалтасына бірнеше балауыз шамды салып, ұйықтауға бара жатқан еді. Бірақ Хадсонның өкінішіне орай, олардың үйінде қонақтар болды және олардың бірі Хадсонды ұйықтауға жібермей, оны тізесіне отырғызып, ашық пештің жанына жайғасты. Хадсон да, оның қалтасындағы шамдар да қызып кетті. Минуттар бір ғасырға созылғандай болды.

Анасы: «Хадсон, ұйықтайтын уақыт келді».

Хадсон: «Қайырлы түн!»

Біраз уақыттан кейін, анасы Хадсонның бөлмесіне кіріп, оның қалталарында балауыз шамның еріп кеткенін анықтады. Хадсон анасын алдамақ болғанына өкінді. Осыдан кейін ол мұны ешқашан қайталамады.

Оқумен қатар, Хадсон әпкесі Амелияны ойнап мазақ етуді ұнататын. Бірақ көбінесе олар ажырамас ағайындылар еді. Олар қоңыздар мен құстарды бірге бақылағанды ұнататын.

Он үш жасында, Хадсон дәріхана ісін оқып, зерттей бастады. Оның болашаққа деген үлкен жоспары болды.

Бір күні мерекеде, оның өмірі толығымен өзгерді. Ол бір мәсіхшілік кітапты оқып, Исаның оны, Хадсонды сүйгендіктен, ол үшін өліп, қайта тірілгенін түсінді.

Хадсон: «Тәңір Иса, мені сүйгенің үшін Саған алғыс айтамын. Мен Сенікі болғым келеді. Мен Сенің айтқаныңды орындағым келеді. Әумин».

Дұға етіп тұрғанда, Исаның Өзі оған: «сен Қытайға барып, Маған сонда қызмет етесің», деп айтқандай болып сезілді.

Бес жасында ол елші қызметші болуды армандады.

17 жасқа толғанда, ол болашаққа дайындала бастады.

Балалар, оның дайындығы сендерді де шабыттандыратын шығар.

Келесі бөлімде толығырақ айтып беремін. Өткізіп алмаңдар!


Рөлдер: Баяндаушы, әкесі, Хадсон, анасы

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on October 27, 2023, at 08:16 AM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)