STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 139 (The King's invitation 2)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

139. Патшаның шақыруы 2


Терезелері мен перделері ашық патша күймесі Лодыбардың көшелерімен жүріп өтті. Адамдар оған қызығушылықпен қарады.

Әйел: «Патшаның жаршылары Лодыбарда? Бұл бұрын-соңды болмаған оқиға!»

Көрші әйел: «Олар кімге келді екен? Мүмкін әкімге шығар?»

Лодыбар тұрғындарын таң қалдырған патша күймесі, Мепібосет тұратын үйдің дәл алдына келіп тоқтады.

Дәуіт патша оны өзіне шақырды. Мепібосет бұған сене алмады. Ақсақ, ұмытылған жігітті, патшаның өзі шақырды! Ол бұған қатты қуанды.

Бірақ Мепібосетке көре алмаушылық көрсетпеңдер, балалар. Өйткені әрқайсымыз Патшадан – мәңгілік, патшалардың Патшасы Исадан шақыру алдық! Мепібосет Дәуіт патшаның шақыруын қабылдағандай, сенде Иса Патшаның шақыруын қабылда. Өзіңді маңызды емеспін деп санама.

Ақсақ жігітті патшаның алдына әкелді.

Дәуіт: «Мепібосет, қорықпа! Мен саған мейірімділік көрсеткім келеді».

Мепібосет: «Бірақ мен бұған лайық емеспін!»

Дәуіт: «Мен саған жер беремін. Менің қызметшілерім сонда жұмыс істейді. Егін егіп, жеміс жинайды. Ал жер сенікі болады».

Дәуіт патша Мепібосетті шақырып алып, оған сыйлықтар берді.

Мәңгілік Патша Иса сені де шақырып, саған сыйлықтар бергісі келеді!

Оның сыйлары баға жетпес: кешірім, қуаныш, тыныштық, мәңгілік өмір... олардың барлығын санап шығу мүмкін емес! Исаға кел, Ол саған батасын береді.

Мепібосет патшаның шақыруын және оның рақымын қабыл алғанына ешқашан өкінген емес. Бірақ оны одан да жақсы нәрсе күтіп тұрды.

Дәуіт: «Мепібосет, маған келіп, менімен бірге тұр!»

Біздің көрінбейтін Патшамыз Иса сияқты. Сондай-ақ Ол сенің жексенбіде ғана емес, күнде Онымен бірге өмір сүргеніңді қалайды. Сен де мұны қалайсың ба? Сен жүрегіңмен де, ақылыңмен де әрдайым Онымен бірге болуға ұмтыласың ба?

Иса сенің өміріңді жақсы басқарады. Мен Исадан артық патшаны білмеймін. Дәуіт патшаның шақыруы Мепібосеттің өмірін толығымен өзгертті.

Бүгін Иса Патшаның шақыруы сенің өміріңді толығымен өзгерте алады!

Иса сені шақырады және саған мейірімділік көрсеткісі келеді. Ол сенің әрқашан Өзімен бірге болғаныңды қалайды.

Оның шақыруын қабылда. Сен дұға етіп, Оның шақыруына жауап бере аласың. Ол сені естиді.


Рөлдер: Баяндаушы, әйел, көрші әйел, Дәуіт, Мепібосет

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on October 27, 2023, at 08:06 AM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)