STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 132 (Fish and questions at breakfast)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

132. Таңғы асқа балық және сұрақтар


Барлығы өте жылдам болды. Егер сол кезде газеттер болғанда, сол жылғы Құтқарылу мейрамының оқиғалары бірінші беттерде жазылатын еді.

Оқырман: «Иса өлген күні бүкіл жерді қараңғылық басты».

Оқырман әйел: «Өлгендер тіріліп, қалада жүрді».

Оқырман: «Жер сілкінісі жартастарды қиратты».

Оқырман әйел: «Қолбасшы Исаны Құдайдың Ұлы деп таниды».

Оқырман: «Исаның соңғы сөздері: Орындалды!»

Оқырман әйел: «Міне, бірінші бетте үлкен әріптермен “ҚАБІР БОС!” деген тақырып бар».

Бұл жаңалықтардың барлығын бізге «Иерусалим жаңалықтары» газеті емес, куәгерлер жеткізді. Біз олардың әңгімелерін Киелі кітаптан оқимыз.

Қабір бос. Иса тірі! Қайта тірілгеннен кейін, Ол шәкірттеріне барды. Олар әлі де қайғырып, қорқып жүрді. Бірақ олар Исаны көргенде қатты қуанды.

Біраз уақыттан кейін Петір мен басқа шәкірттер Иерусалимнен туған жері Ғалилеяға, Ғалилея теңізінің жағасына қайтып келді.

Петір: «Мен балық аулауға бара жатырмын».

Жохан: «Біз де сенімен бірге барамыз».

Кешке олар теңізге шықты. Бірақ түні бойы бірде-бір балық ұстай алмады. Таң атқанда Иса теңіз жағасына келді. Шәкірттері Оны танымады.

Иса: «Сендерде тамақ бар ма?»

Жохан: «Жоқ».

Иса: «Ауларыңды қайықтың оң жағына тастаңдар» (судың шашыраған дыбысы).

Петір: «Аулар балыққа толы!»

Жохан: «Бұл – Иеміз ғой!»

Жағадан небәрі жүз метр қашықтықта, олардың аулары толып, 153 балық ауланды.

Иса: «Келіңдер, таңғы асты жеңдер!»

Отта қуырылған балық және нан болды. Иса достарына үшінші рет көрінді. Петірді ар-ұжданы азаптады. Ол Исадан үш рет бас тартқаны туралы ойлады. Тамақтанып болғаннан соң, Иса Петірмен оңаша сөйлесті.

Иса: «Петір, сен Мені сүйесің бе?»

Петір: «Иә, Ием, сүйетінімді білесің».

Иса: «Петір, сен Мені сүйесің бе?»

Петір: «Иә, Ием, мен Сені сүйетінімді білесің».

Иса: «Петір, сен Мені сүйесің бе?»

Бұл сұрақты Иса оған үш рет қойғанына Петір ренжіп қалды.

Петір: «Ием, Сен бәрін білесің. Сені сүйетінімді білесің».

Егер бүгін Иса сендерге бұл сұрақты қойса, сендер де солай жауап берер едіңдер ме?

Иса Петірді кешірді. Кімге көп кешірілсе, сол Исаны көп сүйеді!


Рөлдер: Баяндаушы, оқырман, оқырман әйел, Петір, Жохан, Иса

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 25, 2023, at 07:20 AM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)