STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 107 (Lame excuses)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

107. Сылтаулар


Ержан - кітапқұмар. Ол үнемі Марк Твен, Клайв Льюис және басқа да жазушылардың кітаптарын оқиды. Бірақ бір кітап ол үшін қызық емес екен, неге екені белгісіз.

Ержан: «Киелі кітап мен үшін емес».

Қыз: «Неге солай шештің?»

Ержан: «Оның ішінде өте көп түсініксіз нәрселер бар».

Қыз: «Бұл жаман сылтау. Сен жай ғана жалқауланасың. Сенің одан көп нәрсені түсінетініңе мен сенімдімін».

Ержан: «Мысалы, нені?»

Қыз: «Мысалы, ұрлама дегенді».

Ой! Бұл сөздер Ержанға қатты әсер етті. Ол қызарып, кетіп қалды.

Балалар, Киелі кітап – кітаптардың кітабы дегенді естідіңдер ме?

Ержан: «Баспа машинасы ойлап табылған кезде, ең бірінші басылған кітап - Киелі кітап болды».

Қыз: «Киелі кітап 1600-ден астам тілге аударылған».

Ержан: «Ең кішкентай Киелі кітап Англияда басылған. Оның көлемі сіріңке қорабындай».

Қыз: «Әлемдегі ең үлкен Киелі кітап ағаштан жасалған, оның салмағы 10 000 келіден асады».

Ержан: «Киелі кітап - ең сүйікті кітап, бірақ оны көп адамдар жек көреді».

Қыз: «Киелі кітаптың авторы Құдайдың Өзі, Оның сөздерін 40-қа жуық адам жазып алған».

Ержан: «Кім Киелі кітапты оқып, Құдай Сөзіне сенетін болса, ол жаңадан жаратылған адам болады. Әлемдегі ешбір кітап адамды Киелі кітап сияқты өзгерте алмайды».

Қыз: «Киелі кітапта шамамен үш миллион әріп бар. Егер сен күніне төрт тарауды оқысаң, бір жылдың ішінде Киелі кітапты толығымен оқи аласың».

Ержан: «Англияда бір адам Киелі кітапты жүз рет оқыған!»

Бір күні бір адам досына қонаққа барғанда, оқ тесіп өткен, тесігі бар Киелі кітапты көрді. Оған бұл Құдайға тіл тигізу сияқты болып көрінді. Құдайдың Сөзімен осылай істеуге болады ма? Ол бұған ашуланды. Оның ашуланғанын түсініп, досы былай деді:

Ер адам: «Мен бұл оқпен тесілген Киелі кітапты өте жақсы көремін. Ол менің өмірімді сақтап қалды. Мен майданда соғыстым, біз ұзын ордан орға жорғаладық. Кенеттен кеудеме қатты соққы тиді, кеудем қатты ауырып кетті. Не болды екен? Жау көздеп, маған оқ атты. Ал мен әрқашан төс қалтамда кішкентай Киелі кітапты алып жүретінмін. Оқ Киелі кітапты тесіп өтіп, мені жаралады. Бірақ жарақат ауыр болған жоқ. Егер Киелі кітап болмағанда, бұл оқ менің жүрегіме тиетін еді!
Осылайша Киелі кітап менің өмірімді сақтап қалды. Киелі кітап мені екі рет құтқарып қалды. Бірінші рет, мені күнәларымнан тек Иса құтқара алатынын оқығанда құтқарды. Және екінші рет, ол мені оқтан аман алып қалды!»

Мен күн сайын Киелі кітапты оқимын. Ал сендер ше, балалар? Егер сендерге Киелі кітап керек болса, ол туралы маған жазыңдар. Киелі кітапта былай жазылған: «Сенің сөздерің қадамдарымды жарқыратады, өмір жолыма шам-шырақтай нұрын шашады» (Забур жыры 118:105).

Бұл өмірде адаспай, Құдайға жол табу үшін, бұл шам сендерге жолды жарқыратады.


Рөлдер: Баяндаушы, Ержан, қыз, ер адам

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:16 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)