STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 096 (My parents are separated)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

96. Менің ата-анам ажырасып кетті


Қыз: «Ойын өте тамаша өтті!»

Бала: «Ал біз сұрақ-жауап ойынында жеңдік!»

Қыз: «Мақтаншақ!»

Жасөспірімдер тобының жиналысы аяқталып, балалар қоштасып, үйлеріне қайта бастады. Барлығы бақытты болды. Бірақ Әсем көңілсіз көрінді.

Баяндаушы: «Әсем, саған не болды? Сен бүгін көңілсізсің. Қиындықтарға ұшыраған жоқсың ба?»

Әсем: «Жағдайым өте жаман! Әкем бұдан былай үйге келмейді. Ол әпкем екеумізді тастап кетті. Анам оның бір бойжеткенмен жүретінін және оны бізден артық жақсы көретінін айтты!»

Баяндаушы: «Сен өзіңді жаман сезініп тұрған боларсың. Мен ата-ананың ажырасуының қаншалықты ауыр екенін білемін».

Әсем: «Ол бізді тастап кеткеннен бері, біздің үй қайғылы!»

Баяндаушы: «Сен өзіңді тастап кеткендей сезінетін шығарсың, солай ма?»

Әсем: «Мен сол әйелді жек көремін! Ол әкемізді бізден тартып алды! Мүмкін ол бізге қайтып келетін шығар? Иса бәрін түзете ала ма?»

Баяндаушы: «Мен бұның мүмкін екеніне сенімдімін, Әсем. Ол әр отбасының бақытты болғанын қалайды. Ол ата-аналардың ажырасқанын қаламайды. Бірақ бір мәселе бар».

Әсем: «Қандай мәселе?»

Баяндаушы: «Мәселе Исада емес, адамдардың өздерінде. Олар Исаның қалағанын істегісі келмейді. Адамдар басқа жолды таңдайды – олар ажырасуға ұмтылады. Ал бұдан ең көп зардап шегетін - балалар. Ажырасу оларды қатты жаралайды».

Әсем: «Әкемнің үйге оралып, бәрі бұрынғыдай болғанын тілеймін!»

Баяндаушы: «Мен сен үшін дұға етемін. Мен Исаның да мұны қалайтынын білемін. Бірақ егер бұлай болмаса, онда Әсем, сен Исаның барлық жараларды емдейтінін білуің керек. Кейде бұл ұзақ уақытқа созылуы мүмкін. Кейде жаралар ұзақ уақыт жазылмайды».

Әсем: «Әкем туралы ойлаған сайын, жылағым келеді».

Баяндаушы: «Мен сені түсінемін. Тыңда, Иса бізге жұбаныш беретін сөздерді айтты. Міне, менде осы ашықхатта басылған Киелі кітап аяты бар. Оны оқышы!»

Әсем: «Әкем мен шешем мені тастап кетті, бірақ Жаратқан Тәңір мені қабылдайды».

Баяндаушы: «Адамдар бізді ренжітеді, көңілімізді қалдырады, бізді тастап кетеді. Бірақ Иса ешқашан бұлай істемейді. Оның алдында сен жылай аласың, жүрегіңдегінің бәрін Оған айта аласың. Ол әрқашан сенің жаныңда. Мен саған мына ашықхатты беремін. Ол саған мұны әрқашан есіңе түсірсін».

Әсем: «Рахмет. Келесі жолы мен сізбен тағы да сөйлесе аламын ба?»

Баяндаушы: «Әрине, Әсем. Мен сен үшін әрқашан уақыт табамын».

Әсем: «Ал енді менің кетуім керек. Сау болыңыз».

Баяндаушы: «Қош бол. Жақында көрісеміз. Қаласаң, маған жазсаң болады!»


Рөлдер: Баяндаушы, Әсем, бала, қыз

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:13 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)