STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 081 (Man over board 1)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

81. Теңізге лақтырылған адам 1


Балалар, қаланың көрікті жерлерін тамашалайық!

Бала: «Қандай керемет қамал! Мен мұнараларды көргім келеді».

Қыз: «Ал мен кітапханаға барғанды жөн көремін. Мен ол жерде ұзақ уақыт отыра аламын».

Бала: «Патша сарайы! Мәссаған! Не деген ұлы!»

Қыз: «Ал мен хайуанаттар бағына барамын».

Бала: «Туыстарыңды көру үшін бе?» (күледі)

Көп жылдар бұрын Құдай бұл қалаға қарады. Бірақ Ол қаланың сыртқы жарқырауына мүлдем таң қалмады, Ол осы жарқыраудың астында не жасырылғанын көрді: өшпенділік пен қастандық, сатқындық пен кісі өлтіру. Бұл қалада адамдар Құдайсыз өмір сүрді. Олар Құдайдың заңдарын үнемі бұзып отырды. Олар өздерінің Жаратушысын ұмытты. Бұдан асқан жаман жағдайды елестету мүмкін емес.

Ал Құдай сенің өміріңе қараған кезде, не көреді?

Ол киелі болғандықтан күнәні жазалайды. Бірақ сонымен қатар Ол адамдарды жақсы көріп, оларды құтқарғысы келеді. Сондықтан Ол қала тұрғындарына ескерту бергісі келді.

Құдай былай деді: «Жүніс, ұлы қала Ниневиге бар. Оларға уағыз айт, Мен оларды барлық күнәлары үшін жазалайтынымды айт. Өйткені бұл халық Мені ұмытты».

Жүніс барды, бірақ... Ниневиге емес.

(қашып бара жатқан адамның дыбысы, ол ауыр дем алып жатыр)

Жүніс: «Ниневияға ма? Ешқашан! Халқымның жауларына барайын ба? Мен бұлай істейтін ақымақ емеспін. Олар өле берсін. Олар соған лайықты! О, кемежайда бір кеме бар екен. Мен оларға жақсылап төлеймін, ал олар мені осы жерден, алысқа алып кетеді!»

Құдайдан қашу қымбатқа түседі! Жүніс кеменің жүк қоймасына көтеріліп, бөшкелер мен жәшіктердің арасында ұйықтап қалды. Ол қатты шаршаған болатын. Адам Құдайдан қаша ала ма? Ол қайда жүгірсе де, Құдай оны барлық жерде көреді. Құдай Жүністі көрді.

Сол кезде теңізде қорқынышты дауыл көтерілді. Кеме жүргізушілері өз құдайларына жалбарына бастады. Олар өздерін құтқара алатын тірі Құдайды білмеді. Олар кемені жеңілдету үшін жүктерді суға лақтыра бастады. Капитан Жүністі оятты.

Капитан: «Әй сен. Тұр! Тәңіріңе дұға ет, бәлкім Ол бізді құтқарар».

Жүніс бірден орнынан тұрып кетті. Оған бәрі түсінікті болды.

Теңізші: «Сен кімсің осы? Қай жақтансың? Жалпы не істейсің?»

Жүніс: «Мен Жүніспін. Мен аспан мен жерді жаратқан Құдайға табынамын. Дауылдың көтерілгеніне мен кінәлімін. Мен Құдайды тыңдамадым».

Теңізші: «Енді біз не істейміз?»

Жүніс: «Мені теңізге лақтырыңдар, сонда дауыл басылып, Құдай сендерді құтқарады».

Біраз ойланғаннан кейін, олар Жүністі алып, кемеден лақтырып жіберді (су шашырайды).

Жүністің оқиғасы осымен аяқталды ма? Жоқ! Оның шытырман оқиғасы енді ғана басталды.

Жүністің хикаясын келесі шығарылымда жалғастырамыз.


Рөлдер: Баяндаушы, бала, қыз, Құдай, Жүніс, капитан, теңізші

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 02:10 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)