STORIES for CHILDREN by Sister Farida

(www.wol-children.net)

Search in "Kazakh":

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 002 (The storm rages)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

2. Дауыл соғып тұр


Кенеттен қатты дауыл көтерілді (дауыл, найзағай және жаңбыр дыбыстары).

Толқындар қайықты жан-жаққа соққылап жатты.

Дауыл тоқтамай соққылады. Исаның шәкірттері ескектерге мықтап жабысты.

Олар қатты қорықты, өйткені Ғалилея теңізіндегі мұндай дауылдар өте қауіпті болатын.

Толқындар жан жақтан қайықты соққылады. Дауыл ыңылдап, теңіз толқыды. Олар енді қалай құтқарылады?

Қайықтағы Исаның кейбір шәкірттері балықшылар болды, олар бұрын талай дауылдарды көрген болатын, бірақ мұндай қорқынышты дауылды ешқашан көрмеген еді.

Шәкірттер: «Көмектесіңдер! Біз батып бара жатырмыз!»

Олар өз өмірі үшін күресіп жатқанда, Иса қайықтың артқы жағында жатып... ұйықтап жатты!

Дауылдың ортасында шәкірттері Исаға жетіп барып шағымданды:

Шәкірттер: «Иса! Бізбен не болып жатқаны Сізге маңызды емес пе? Біз суға батып бара жатырмыз! Бізге көмектесіңіз!»

Балалар, қорқыныш пен үрей толқындары өмірлеріңнің «қайығына» соғылғанда кімге қоңырау шаласыңдар?

Иса бүкіл әлемнің Тәңірі! Ол орнынан тұрып, желге тыйым салып, көлге де:

Иса: «Тына қал, басыл!» - деді.

Сонда дауыл басылып, жым-жырт тыныштық орнады.

Шәкірттер бұл кереметке таң қалды. Олар бір-бірінен:

Шәкірттер: «Иса - Ол Кім? Тіпті жел мен толқын да Оған бағынады!»

Иса - біздің Тәңіріміз және Ол барлық табиғатқа, аурулар мен зұлым рухтарға үстемдік етеді.

Оған ұқсайтын ешкім жоқ. Оның қолынан келгенді ешкім де істей алмайды.

Шәкірттер қайықпен және Исамен бірге суға батамыз деп ойлады.

Иса: «Неліктен соншама қорқасыңдар? Әлі де сенімдерің жоқ па?»

Олар Иса сұраған сұрақты өздеріне қоюға мәжбүр болды.

Иса біздің Тәңіріміз және Ол сенің өміріңдегі толқындарды басқарады.

Оған мұқтаждықтарың, уайымдарың, мектептегі мәселелерің және ауруларың туралы айт.

Иса - біздің Тәңіріміз, сондықтан қорықпа, тек Оған ғана сенім арт!


Рөлдер: Баяндаушы, шәкірттер, Иса

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 04, 2023, at 01:50 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)