STORIES for CHILDREN by Sister Farida(www.wol-children.net) |
|
Home عربي |
Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 143 (Like the Chinese 4) This page in: -- Albanian -- Arabic? -- Armenian -- Aymara -- Azeri -- Bengali -- Bulgarian -- Cebuano -- Chinese -- English -- Farsi -- French -- Fulfulde -- German -- Greek -- Guarani -- Hebrew -- Hindi -- Indonesian -- Italian -- Japanese -- KAZAKH -- Korean -- Kyrgyz -- Macedonian -- Malayalam? -- Platt (Low German) -- Portuguese -- Punjabi -- Quechua -- Romanian -- Russian -- Serbian -- Slovene -- Spanish-AM -- Spanish-ES -- Swedish -- Swiss German? -- Tamil -- Turkish -- Ukrainian -- Urdu -- Uzbek
ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер
143. Қытайлық сияқты 4Бес жаста болғанда, Хадсон Тейлор өскенде кім болғысы келетінін білді. Х.Т.: «Мен өскенде елші қызметші боламын және Қытайға барамын». 21 жасында ол Қытайға барып, олардың тілін үйреніп, көптеген қытайларға Иса туралы айтып берді. Бірақ кейде жақсы істер үлкен қиындықтарды тудырады. Ер адам: «Эй, сен мұнда не істеп жүрсің? Жоғалып кет!» Сарбаз: «Біз шетелдік шайтанды және оның жағындағылардың барлығын өлтіреміз!» Ер адам: «Жоқ, оларды басқарушыға апарайық». Сарбаздар елші қызметшілерді аяусыз ұрып-соғып, Хадсонды тұншықтырып өлтіре жаздады. Бүкіл денесі ауырса да, ол әзіл сезімін сақтап қалды. Х.T.: «Сабырлы бол, досым! Күнделікке жазатын бірдеңе болады!» Исаға деген сүйіспеншілігінің арқасында, олар қызмет етуді жалғастыра берді. Өйткені Иса әркімнің күнәсі үшін айқышта өлгенде, бұдан артық азап шекті. Хадсон бұл туралы ойланып, Тәңір Исаны одан сайын жақсы көрді. Оларды сотқа алып келгенде бұл оған күш берді. Басқарушы олардың түсіндірмелерін тыңдады. Х.Т.: «Біздің Янчжоу тұрғындарына Құтқарушы Иса туралы айтқымыз келеді. Ол бәрін жақсы көреді. Бұл Киелі кітапта жазылған. Біз бұл кітапты сендерге сыйлаймыз». Бұл басқарушыға ұнады. Ұрып-соғудың орнына оларға шай берілді. Түрменің орнына, басқарушы оларға Иса туралы уағыздауға рұқсат берді. Мұны істеген Иса болды. Және Хадсон Исаға алғыс айтты. Біраз уақыттан кейін ол үйіне қайтты. Ол қатты шаршаған болатын. Хадсонның қытайлық көмекшісі оның үйрек жұмыртқасы қосылған күрішті таяқшалармен жеп жатқанын бақылап отырды. Қытайлық: «Тейлор мырза, сіз біз сияқты тамақтанасыз, біздің тілімізде сөйлейсіз. Бірақ неге сіз біз сияқты киінбейсіз?» Х.Т.: «Неге? Бұл жақсы сұрақ! Маған осылай киіну керек пе?» Қытайлық: «Егер сіз біз сияқты киінсеңіз, адамдар сізді көбірек тыңдар еді». Х.Т.: «Хм! Иса бұл дүниеге келгенде, Ол біз сияқты адам кейпін алды. Мен де қытайлар сияқты болғым келеді. Сен маған көмектесесің бе?» Исаға деген сүйіспеншілігінің арқасында, Хадсон ұзын ағылшын пальтосының орнына, қытай киімін кие бастады. Оның басына ұзын қара өрім жасап берді. Қытайлық: «Енді сіз қытайлыққа ұқсайсыз!» Чунминдао аралында Хадсон Тейлор адамдарға Киелі кітапты үйретіп, науқастарға қамқорлық жасады. Онда да күтпеген қиындықтар туындады. 1-ші әйел: «Олар мейірімді Тейлор мырза аралдан кетуі керек дейді». 2-ші әйел: «Біздің дәрігерлер оны көре алмайды. Өйткені оның емделушілері де көбірек, дәрілері де олардыкінен жақсырақ». 1-ші әйел: «Олар біздің басқарушыға Хадсон туралы көп жамандықты айтты». Ары қарай... Ары қарай не болғанын – келесі шығарылымда айтамын. Рөлдер: Баяндаушы, Хадсон Тейлор бала кезінде, Хадсон Тейлор ересек жаста, ер адам, сарбаз, қытайлық, 1-ші әйел, 2-ші әйел Авторлық құқықтар: CEF Germany |