STORIES for CHILDREN by Sister Farida(www.wol-children.net) |
|
Home عربي |
Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 142 (Doomed man 3) This page in: -- Albanian -- Arabic? -- Armenian -- Aymara -- Azeri -- Bengali -- Bulgarian -- Cebuano -- Chinese -- English -- Farsi -- French -- Fulfulde -- German -- Greek -- Guarani -- Hebrew -- Hindi -- Indonesian -- Italian -- Japanese -- KAZAKH -- Korean -- Kyrgyz -- Macedonian -- Malayalam? -- Platt (Low German) -- Portuguese -- Punjabi -- Quechua -- Romanian -- Russian -- Serbian -- Slovene -- Spanish-AM -- Spanish-ES -- Swedish -- Swiss German? -- Tamil -- Turkish -- Ukrainian -- Urdu -- Uzbek
ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер
142. Оның өліп кетуі әбден мүмкін 3Дәрігер: «Тейлор мырза, сіз өте нашар көрінесіз! Өсиетнама жазыңыз. Сіз ұзақ өмір сүрмейсіз». Х.Т.: «Жоқ, мен әлі ұзақ өмір сүремін! Мен үшін Қытайда көптеген Құдайдың жұмысы бар. Бірақ өлсем де, Исаға барамын, жаным тынышталып, бақытты болады!» Хадсон Тейлор қатты қызудан өлген адамның өлі денесінен ауруды жұқтырып алды. Оның аман қалатынына ешкім сенбеді. Бірақ Иса оны құтқарды. Хадсон медицинаны оқуды жалғастырды, өйткені бұл Қытайдағы қызметі үшін қажет болды. 1853 жылы 19 қыркүйекте, Хадсон «Дамфриз» кемесімен Англиядан Қытайға кетті. Кеме жағадан енді ғана шыққанда, бірден қатты дауылға ұшырады. Толқындар кемені бұзып, барлық теңізшілер мен жолаушыларды өлтіруі мүмкін еді. Бірақ Құдіретті Иса олардың суға батып кетуіне жол бермеді. Бір жолы, жел мүлдем соқпады, сондықтан желкендер пайдасыз болып салбырап қалды. Кеме қозғалмай тұрды. Кенеттен теңіз астындағы күшті ағыс, кемені теңізден сәл шығып тұратын жартасқа қарай алып кетті. Капитан үмітсіз күйге түсті. Капитан: «Біз өлеміз! Біз енді ештеңе істей алмаймыз!» Х.Т.: «Иә, бірақ біз бірдеңе істей аламыз». Капитан: «Не істей аламыз?» Х.Т.: «Дұға етіп, Құдайдан жел жіберуін сұрайық». Хадсон Тейлор дұға етті және Құдай оларға көмектесетініне сенді. Х.Т.: «Басты желкенді босат!» Капитан: «Бұл тағы не ақымақтық?» Х.Т.: «Құдай жел жібереді!» Капитан: «Адамдарды күлдірме! Мен мұны көрмейінше, сенбеймін». Көп ұзамай бұл арсыз мазақшы, Құдайдың кереметін өз көзімен көрді. Кенеттен жел желкендерді соқты және кеме қауіпті жартастан оңай өтіп кетті. Иса «Дамфриз» кемесін Өз қолында ұстап, оны сақтап жүрді. Олар Шанхайға жүзіп келіп, кемені зәкірге тастады. Қытайда серуендеп жүрген Хадсон өте қуанды. Ол қытайларға өзінің Қорғаушысы туралы айтқысы келді. Сондықтан олардың тілін үйренді. Оңай болған жоқ, кейде оның тілі шаршап кететін. Х.Т.: «Сирр Йесу ай о, за ценг цинг кау су о». Көптеген қытайлықтар біреудің келіп, оларға Тәңір Иса туралы айтып беруін ұзақ күткен сияқты болып сезілді. Бірақ Хадсон мен оның достарын барлық жерде жақсы қабылдаған жоқ. Әйел: «Янчжоуға барма! Онда жаман адамдар өмір сүреді. Олар сені өлтіреді, немесе түрмеге қамайды». Х.Т.: «Егер ол жақта жаман адамдар болса, онда біз сонда баруымыз керек. Оларға Иса керек». (дүрбелеңдеген халықтың шуы) Халыққа бірдеңе болды! Бұл туралы, балалар, келесі бөлімде айтып беремін. Рөлдер: Баяндаушы, дәрігер, Хадсон Тейлор, капитан, әйел Авторлық құқықтар: CEF Germany |