STORIES for CHILDREN by Sister Farida(www.wol-children.net) |
|
Home عربي |
Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 144 (Totally in love 5) This page in: -- Albanian -- Arabic? -- Armenian -- Aymara -- Azeri -- Bengali -- Bulgarian -- Cebuano -- Chinese -- English -- Farsi -- French -- Fulfulde -- German -- Greek -- Guarani -- Hebrew -- Hindi -- Indonesian -- Italian -- Japanese -- KAZAKH -- Korean -- Kyrgyz -- Macedonian -- Malayalam? -- Platt (Low German) -- Portuguese -- Punjabi -- Quechua -- Romanian -- Russian -- Serbian -- Slovene -- Spanish-AM -- Spanish-ES -- Swedish -- Swiss German? -- Tamil -- Turkish -- Ukrainian -- Urdu -- Uzbek
ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер
144. Толығымен ғашық 5Хадсон Тейлор есікті жапты. Ол өте қайғылы болды. Ол Чунминдао аралынан кетуге мәжбүр болғанын анықтады, өйткені кейбір адамдар көреалмаушылықтың себептерімен, басқарушыға Хадсон туралы көп жамандықты айтты. Ол мұны түсіне алмады. Бірақ Құдай оны қалдырмады. Құдай жамандықты жақсылыққа айналдырады. Елші қызметші Нинбодағы Бридж көшесіне көшіп, сол жерде қытайларға Құтқарушы Иса туралы қуана айта бастады. Құдай бәрін ретке келтірді. Бірақ ең жақсысы әлі алда болды. Басқа сөздермен айтқанда, ең жақсысы – жас қыз еді! Хадсон тұратын үйдің жанында, елші қызметшілер ашқан мектеп бар еді. Хадсон сонда мұғалім болып жұмыс істейтін, ағылшын қызына ғашық болды. Бақытты қыздың есімі Мэри болатын. Ол да Хадсонға ғашық болды. Ол Мэриге үйленуге ұсыныс жасады, бірақ алдымен өзі туралы бәрін ашық айтуы керек еді. Х.Т.: «Мэри, мен саған бірдеңе айтуым керек. Мен бай емеспін. Маған бірдеңе қажет болғанда, мен Исадан сұраймын және Ол маған қамқор болады. Менің ақшам өте аз. Сонда да маған тұрмысқа шығасың ба?» Мэри: «Иә! Біз Исаға бірге сенім артамыз. Бізге көп ақшаның қажеті жоқ. Біз үшін ең қымбаттысы – Иса». Хадсон мен Мэридің үйлену тойына көптеген достары келді. Құдай Өзін жақсы көретін әрбір адамға ең жақсысын береді. Ол уәде берді, және Ол сөзінде тұрады. Сондықтан Хадсон мен Мэри бүкіл өмірін Оған арнады. Хадсон ауруларға қамқорлық жасап, уағыздады. Ал Мэри балаларды оқытты. Көптеген ұлдар мен қыздар Мэри арқылы Иеміз Иса туралы естіді. Хадсон мен Мэри кедейлерге тамақ беріп жүрді. Олардың жұмысы әрқашан көп болды. Ал қытайлықтар Исаны қабылдаған кезде, олар бұған қатты қуанды! Әр кеш сайын қоңыраулар адамдарды Құдайға қызмет ету жиынына шақыратын. Пұтқа табынушы Ни де қуанышты әннің үнін естіп келді. Ол өмірінде бірінші рет Исаның Құдайға апаратын жалғыз жол екенін естіді. Ни: «Тейлор мырза, мен ұзақ уақыт бойы шындықты іздедім. Иса – шындық. Мен Оған сенемін. Сендер ағылшындар, шындықты қашаннан бері білесіңдер?» Х.Т.: «Жүздеген жылдар бойы». Ни: «Жүздеген??? Сонша уақыт па??? Неге ешқайсыларың ертерек келіп, бізге Иса туралы айтпадыңдар?» Бұл сұрақ Хадсонның ойында болды. Ол әлі шындықты білмеген миллиондаған қытайлықтар туралы ойлады және ол бұрынғыдан да көп жұмыс істеді. Бірақ ол ауырып, Англияға емделу үшін оралуға мәжбүр болды. Адам ауырып қалған кезде, Құдай бәрін ең жақсы түрде реттей алады ма? Бұл туралы келесі шығарылымда білетін боласыңдар. Өткізіп алмаңдар! Рөлдер: Баяндаушы, Хадсон Тейлор, Мэри, Ни Авторлық құқықтар: CEF Germany |