Home
Links
Contact
About us
Impressum
Site Map


YouTube Links
App Download


WATERS OF LIFE
WoL AUDIO


عربي
Aymara
Azərbaycanca
Bahasa Indones.
বাংলা
Български
Cebuano
Deutsch
Ελληνικά
English
Español-AM
Español-ES
فارسی
Français
Fulfulde
Gjuha shqipe
Guarani
հայերեն
한국어
עברית
हिन्दी
Italiano
Қазақша
Кыргызча
Македонски
മലയാളം
日本語
O‘zbek
Plattdüütsch
Português
پن٘جابی
Quechua
Română
Русский
Schwyzerdütsch
Srpski/Српски
Slovenščina
Svenska
தமிழ்
Türkçe
Українська
اردو
中文

Home -- Kazakh -- Perform a PLAY – 129 (Shabola from South Africa)

Previous Piece -- Next Piece

ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер

129. Оңтүстік Африкадағы Шабола


(Балғаның дыбысы)

Әкесі: «Жарайсың Шабола, жұмысты жақсы істеп жатырсың!»

Шабола: «Ох, бұлшық еттерім ауырып тұр! Ай! Ай! Аяқтарым - ай!»

Әкесі: «Сен қазір қолыңа тіпті балға да ұстай алмайсың. Біраз демалып ал, сосын жерді таптаймыз».

Шабола демалу үшін көлеңкеге отырды. Алыстан маймылдардың дауыстары естілді. Шаболаның әкесі Оңтүстік Африка джунглилерінде шағын үйлер тұрғызуды жалғастырды. Олар салған үйлер ауылдағы елші қызметшілердің мектебінің үйлеріндей жақсы болады ма?

Әкесі: «Шабола, тұр, жұмысқа кіріс!»

Әкесіне көмектесу қызық болғанымен, мектепке бару одан да қызығырақ болды. Келесі күні таңертең, жүгері мен жержаңғақ майынан жасалған таңғы астан кейін, бала мектепке кетті. Ол «Умфундисті» жақсы көрді. Зимбабведе мұғалімді осылай атайды. Барлық балалар да оны жақсы көрді. Шаболаға бәрінен де дін туралы сабақ ұнады. Бұл сабақта, бұйра қара шашты бала, мұғалімді өте мұқият тыңдады.

Мұғалім: «Кішкентай қозы қашып кетіп, адасып қалды. Қойшы бүкіл отарды қалдырып, жоғалған қойды іздеуге барды. Ол оны тапқанша іздеді. Ол оны тікенді бұталардың арасынан алып шығып, үйіне алып келді. Тәңір Иса – Ізгі Бағушы. Ол жоғалғандарды табу үшін жерге келді».

Шабола: «Умфундис, мен де адасқан қоймын. Иса мені де іздеп жүр ме?»

Мұғалім: «Иә, Ол сені жақсы көргендіктен іздеп жүр. Оның қорасындағы қой болғың келсе, кез келген уақытта Оған бет бұра аласың».

Бір күні Шабола сабаққа келмеді. Ол таңертең тұрғысы келді, бірақ оның қызуы көтеріліп, басы қатты ауырды.

Анасы: «Шабола, сенің қызуың көтеріліп тұр. Мен емшіні шақырамын».

Шабола (әлсіз дауыспен): «Ол маған көмектесе алмайды».

Шабола қатты ауырып, әрең сөйлейтін болды. Жексенбі күні, мұғалім баланы көруге келді.

Мұғалім: «Шабола, сен қатты ауырып тұрсың. Егерде уақытың аз қалған болса, өлімге дайынсың ба?»

Шабола: «Тәңір Иса – менің Ізгі Бағушым. Жақында Ол мені көкке алып кетеді!»

Шабола көздерін мәңгіге жұмды.

Баланы жерлеу рәсімінде, Умфундис келген адамдарға Ізгі Бағушы туралы айтып берді.

Сосын Шаболаның әкесі ұлының кішкентай табытының жанында тізерлеп отырып, дұға етті.

Әкесі: «Тәңір Иса, енді Шабола Сенімен бірге. Онда оған жақсы. Мен де Сенікі болғым келеді. Күнәларымды кешіре гөр, менің Құтқарушым бол! Аумин. Умфундис, мен енді қайғырмаймын, өйткені мен бір күні Шаболаны көкте қайта көретінімді білемін!»


Рөлдер: Баяндаушы, әкесі, анасы, Шабола, мұғалім

Авторлық құқықтар: CEF Germany

www.WoL-Children.net

Page last modified on August 25, 2023, at 02:36 PM | powered by PmWiki (pmwiki-2.3.3)