STORIES for CHILDREN by Sister Farida(www.wol-children.net) |
|
Home عربي |
Home -- Kazakh -- Perform a PLAY -- 044 (The witch doctor rants 3) This page in: -- Albanian -- Arabic? -- Armenian -- Aymara -- Azeri -- Bengali -- Bulgarian -- Cebuano -- Chinese -- English -- Farsi -- French -- Fulfulde -- German -- Greek -- Guarani -- Hebrew -- Hindi -- Indonesian -- Italian -- Japanese -- KAZAKH -- Korean -- Kyrgyz -- Macedonian -- Malayalam? -- Platt (Low German) -- Portuguese -- Punjabi -- Quechua -- Romanian -- Russian -- Serbian -- Slovene -- Spanish-AM -- Spanish-ES -- Swedish -- Swiss German? -- Tamil -- Turkish -- Ukrainian -- Urdu -- Uzbek
ДРАМАЛАР -- оларды достарыңа көрсет
Балалардың орындауына арналған Көріністер
44. Сиқыршы айқайлайды 3Тифам: «Анашым, жаңбыр жауа бастады». Ана: «Керемет, Тифам, жаңбыр барлық шаңды шайып тастайды». Тифам: «Виктор көрінбейді... Ол өліп қалды ма?» Ана: «Мен олай ойламаймын». Тифам: «Бірақ әкем оны үнемі Иса туралы айтқаны үшін зұлым рухтар өлтіретінін айтты ғой». Ана: «Менің ойымша, Виктордың Құдайы зұлым рухтардан күштірек. Аа-й, аяғым...» Тифамның анасы тайып кетіп, аяғын созып алды. Енді оған үйге оралу өте қиын болды. Жаңбыр қатты жауды. Олар елші қызметкердің үйіне барып, есікті қақты. Ал оларға есікті кім ашты деп ойлайсыңдар? Виктор! Ол тірі! Виктор: «Кіріңдер! Оттың жанында жылыныңдар». Оның анасының аяғын емдеп жатқанда, Тифам толқып сөйледі. Тифам: «Сен өлесің! Әкем сені өліммен қарғады. Мен қорқып тұрмын! Біз бұл жерде болмауымыз керек». Виктор: «Ештеңеден қорықпа. Сиқыр маған әсер етпейді, өйткені Иса менің Тәңірім және Ол мені қорғайды». Ана: «Виктор, мен базарда сенің уағызыңды естідім. Және мен сенің сөздеріңе сендім, содан бері жүрегімде тыныштық орнады». Виктормен әңгімелескеннен кейін Тифамның анасы ақыры сабырға келді, бірақ Тифам әлі де әкесінен қорықты. Егер ол мұны біліп қойса ше... Олар үйге өте шаршап жетті. Ал ауа райы болса одан сайын нашарлады. Жаңбыр тоқтаусыз құйып тұрды. Өзен арнасынан асып шықты, көшелерді су басып, бірнеше күн бойы үйден ешкім шықпады. (есік қағылған дыбыс) Тифам: «Кім бұл?» (есік сықырлап ашылды) Орестил: «Виктор, саған мұнда не керек?» Виктор: «Қазір жер көшкіні болып жатыр. Ауа райының қолайсыздығынан таулардан үлкен тастар құлап жатыр. Үйден шығуларын керек, әйтпесе өлесіңдер». Орестил: «Бос сөздер! Біз үйде боламыз. Бізді рухтар қорғайды!» Виктор: «Рухтар сендерге көмектесе алмайды. Егер сендер тірі Құдайға сенуге дайын болсаңдар, тек Ол ғана сендерге көмек бере алады». Орестил: «Мен мұны естігім келмейді. Үйден шық! Жоғал!» Кетер алдында Виктор Орестил ханымды жігерлендірді. Виктор: «Орестил ханым, қорықпаңыз! Құдай сізбен бірге». Виктор кете салысымен Орестил ашуланып, үйдегі ең үлкен пышақты қолына алып, үйден жүгіріп шықты. Тифам: «Әке, тоқта! Керек емес, әке!» Жалғасы - келесі шығарылымда. Рөлдер: Баяндаушы, ана, Тифам, Виктор, Орестил Авторлық құқықтар: CEF Germany |